Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңсыз еңбек қатынасына жол берілмеуі керек - АРҚА АЖАРЫ

Заңсыз еңбек қатынасына жол берілмеуі керек

Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 2018 жылдың 1 наурызынан бастап «Еңбек келісім-шартын жаса!» республикалық акциясы бастау алғанын хабарлаған болатын.

Бұл жалпы республикалық акцияның негізгі мақсаты заңсыз еңбек қатынасына жол бермеу, көлеңкелі еңбек қатынастарын қысқарту және еңбек саласында азаматтардың өз құқы жөнінде біліктілік деңгейін арттыру болып табылады. Заңсыз еңбек қатынастарын еңбек келісім-шартын жасамай, жалдамалы жеке және заңды тұлғаларды пайдалану, олардың еңбекақыларын конвертпен беру деп түсіну қажет. «Еңбек келісім-шартын жаса!» республикалық акциясының міндетіне мыналар кіреді:
– еңбек қатынастарын заңдастыру;
– өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды зейнетақы, әлеуметтік және медициналық қауіпсіздендіру жүйесіне тарту;
– заңсыз жұмыспен қамтуға тұрғындардың теріс көзқарасын қалыптастыру;
– жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға барып, заңсыз жұмыспен қамту тәуекелдігін бағалау негізінде бақылаудың әкімшілік шараларын нығайту;
– мемлекеттік органдар мен әлеуметтік серіктестіктің қатысуымен тұрғындар арасында медиа ресурстарды пайдаланып, түсініктеме жұмысын жүргізу.
«Еңбек келісім-шартын жаса!» республикалық акциясын қолдау мақсатында басқарма Біржан сал, Зеренді, Егіндікөл, Сандықтау, Бұланды, Жақсы, Жарқайың, Атбасар, Ақкөл және Астрахан аудандары әкімдіктерімен бірге форумдар, кеңестер өткізіп, еңбеккерлермен еңбек келісім-шартын жасау арқылы еңбек қатынастарын заңдастыру қажеттілігі жөнінде түсінік жұмысы жүргізілді. Бұл шараларға сегіз жүзге жуық адам қатысты. Жыл басынан бері өткізілген форумдар, кеңестер мен өзге де түсінік жұмысының нәтижесінде облыс бойынша 203 еңбек келісім-шарты тіркеліп, «Жедел желі» құрылды. Оған азаматтар еңбек заңнамасы саласындағы барлық заң бұзушылықтар, конвертпен еңбекақы алуға мәжбүрлейтін жұмыс берушілер және міндетті зейнетақы жарнасын аудармайтын кәсіпорын басшылары жөнінде хабарлай алады. «Жедел желінің» ақпараты басқарманың сайтына орналастырылған. «Еңбек келісім-шартын жаса!» республикалық акциясы 2019 жылға дейін жалғасады. Барлық меншік түріндегі жұмыс берушілерді аталмыш республикалық акцияға қатысуға шақырамыз. Туындаған мәселелер бойынша Ақмола облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармаға жүгінуге болады. Мекен-жайымыз: Көкшетау қаласы, Абай көшесі 89 үй, 413 бөлме, телефон 25-07-03.

Назгүл ҮСЕЙІНОВА,
Ақмола облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар