Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бала тәрбиесі – отбасылық құндылық - АРҚА АЖАРЫ

Бала тәрбиесі – отбасылық құндылық

Бала тәрбиесі тек отбасылық құндылық қана емес, Отандық құндылық. Ал, Отан отбасынан басталады. Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу – әр ата-ананың қасиетті борышы. Әр ата-ананың ұлт алдындағы, ұрпақ алдындағы ең басты міндеті – бала өсіру, бала тәрбиелеу. Қазақ даласының ұлы ғұламасы әл-Фараби «тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген еді.

Осы сөздің маңызы қазіргі күнде тіпті, ерекше. Олай дейтініміз, бүгінде білім тек мектепте ғана емес, интернетте де болып тұр. Қазіргі балалар нағыз интернет ұрпағы. Әлемнің кез келген түпкірінде пайда болған ақпаратты бала үйінде отырып-ақ алады. Баланың балалығы сол, ненің ақ, ненің қара екенін айыра білмейді. Интернеттегі ақымақ, зұлым жандардың әрекеті кесірінен қаншама жеткіншектер өз-өздеріне қол жұмсап жатыр .
Бұл тек көзге көрініп жатқан интернеттің жағымсыз жағы. Ал, көзге көрінбейтін, болашақта алдыңнан шығатын қанша кері әсерлерді байқамаймыз. Ол – интернет ақпараттарындағы қазақы құндылықтарға жат дүниелердің бала бойына біртіндеп сіңуі. Басқа елдер үшін әдеттегі іс, алайда, қазақ қоғамы үшін бұл кері іс-әрекеттерді қазірдің өзінде қазақ жастары көрсетіп қалып жатыр. Ең қауіптісі, сол интернет арқылы еліміздің кей азаматтары жат ағымда тәрбиеленуде.
Еліміздің болашағының басты кепілі – отбасындағы бала тәрбиесі. Заманның талабы үштілділікті оқыту деп жатыр. Жас буын үшін ағылшын тілі тартымды. Себебі, ағылшын тіліндегі ақпараттар кең қолданысқа ие болып отыр. Ағылшын тілі халықаралық тіл болғандықтан, ол тілдегі ақпараттар да жаһандық сипатқа ие. Демек, жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптейді.
Ендігі мақсатымыз – жас ұрпақтың ағылшынша алған білімдерін жергілікті талаптарға сай икемдеп, жаңа Қазақстанның жаңаша құндылығына айналдыруды қамтамасыз ету. Оның бірден-бір жолы отбасында берілетін ұлттық тәрбие. Отбасында ұлттық құндылықпен сусындаған ұрпақтың әрқашан ұлттық сана-сезімі, яғни, ұлттық коды берік болмақ. Өсе келе алған білімі оны өзгеше тәрбиелей алмайды. Тек жаңа білім ретінде біліктілігін ғана арттырады. Сондықтан да, отбасындағы ұлттық тәлімге негізделген бала тәрбиесі ғана ертеңгі елдігіміздің кепілі болмақшы.
Дәлелхан АМАНТАЙ,
Қоянды орта мектебінің сызу пәнінің мұғалімі.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар