«7-20-25» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылып келеді

Жуырда Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен серіктес банктердің қатысуымен «7-20-25. Ақмола облысының әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру. Ипотекалық тұрғын үй бойынша несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру» тақырыбында брифинг өтті. Онда Ұлттық Банктің Ақмола филиалы директорының орынбасары Гүлнәр Омарова облыста «7-20-25» бағдарламасының орындалуы туралы ақпарат берді.

Гүлнәр Мәрленқызы аталған брифингте бюджеттік ұйымдардың өкілдеріне, яғни мұғалімдер, дәрігерлер, полиция қызметкерлеріне осы бағдарлама бойынша несие беретін серіктес банк өкілдеріне сұрақ қоюға болатынын, сонымен қатар, Ақмола облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Елена Искакова облысымыздағы құрылыс жоспарларымен таныстырып өтетінін айтты.
Е.Искакованың айтуынша, «7-20-25» бағдарламасы ресми түрде ағымдағы жылдың 4 шілдесінен бастап жұмыс істеуде және халық арасында қызығушылық тудыруда. Серіктес банктерге қоңырау шалу саны күн сайын артып келеді. Ақмола облысында 1,98 миллиард теңгеге 222 өтінім түсті, 1,5 миллиард теңгеге 171 өтінім мақұлданды. Осы көрсеткіштерге сәйкес облысымыз 17-ші орыннан 5-ші орынға көтерілді.
Сондай-ақ, «Баспана» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы қолданыста болған, яғни, екінші тұрғын үйді несиелендіру үшін «Баспана хит» жаңа өнімін жасады. Шарттары – алғашқы жарна 20 пайыздан басталады, жылдық үстемесі Ұлттық Банктің базалық ставкасына қосымша 1,75 пайызды құрайды. Қазіргі таңда базалық ставканың 9,25 пайыз екенін ескерсек, жылдық үстеме – 11 пайыз болмақ. Несие мерзімі 15 жылға дейін.
Бұған қоса, Ақмола облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Елена Искакова облыстағы Жастар жылы аясында «Ақмола жастары» бағдарламасы басталатындығын, бағдарлама шеңберінде 616 жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, Көкшетауда 4 тұрғын үй салынатындығын хабарлады. Бұдан басқа,
6 жатақхана құрылысын бастау жоспарлануда, оның ішінде екеуі Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде (1000 орын) және 4 колледжде (4 370 орын) жатақханалар салынатын болады. Көкшетау қаласында жеке құрылысшылар жалпы ауданы 121,6 мың шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Пәтерлердің жалпы саны
1 908, оның ішінде: 1 бөлмелі – 638, 2 бөлмелі – 796, 3 бөлмелі – 442, 4 бөлмелі – 32.
Сондай-ақ, бюджеттік қаражат есебінен Көкшетау қаласында өндірістік панелінен 10 көп пәтерлі тұрғын үй салу жоспарланып отыр, оның жалпы ауданы 12,5 мың шаршы метр, оның ішінде: үшеуі – 108 пәтерлі
9 қабатты үйлер, онда 1 бөлмелі – 171 ш.м; 2 бөлмелі – 153 ш.м, алтауы – 72 пәтерлі
9 қабатты үйлер, онда 1 бөлмелі – 228 ш.м;
2 бөлмелі – 204 ш.м және біреуі коммерциялық үй-жай алаңы бар 99 пәтерлі тұрғын үй, онда 1 бөлмелі – 52 ш.м және 2 бөлмелі – 47 ш.м.
Жалпы, аталған барлық шаралар ипотекалық нарықты дамытуға және азаматтарымызды тұрғын үймен қамтамасыз етуге үлкен оң әсерін тигізетіні анық, – деп Гүлнәр Омарова брифингті қорытындылады.

Cалтанат Досетова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар