Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Салық төлеушілерге жеңілдік қарастырылды - АРҚА АЖАРЫ

Салық төлеушілерге жеңілдік қарастырылды

Мемлекет басшысы ел халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында шағын және орта бизнес үшін салық амнистиясын жүргізуді тапсырды. Яғни, салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда оның өсімі мен айыппұлы алынып тасталады.

2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша негізгі қарызды 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жапқан жағдайда шағын және орта бизнестің өсімі мен айыппұлын алып тастау қарастырылуда. Бұл облыстағы 2805 салық төлеушінің 1,6 миллиард теңге өсімі мен айыппұлы алынып тасталады деген сөз. Мұнымен бір мезгілде негізгі қарызды төлеуден облыс бюджетіне 3 миллиард теңге түседі. Амнистияға ірі салық төлеушілер, акциздік өнім өндірушілер кірмейді.
Елбасының тапсырмасы бизнестің өз жұмысын таза қағаздан бастауына мүмкіндік тудырды. Сондай-ақ, өсім мен айыппұлды алып тастаудың оңтайландыру үрдісінде тұрған немесе салық төлеуі кейінге қалдырылған оңтайландыру және банкроттық жөніндегі заңнамаға сәйкес, өсім мен айыппұлды алып тас-тау салық төлеушілерге қатысты болады. Егер мұндай салық төлеушілер салық амнистиясын пайдалануға ниет білдірсе, олар өсім мен айыппұлды алғызып тастау үшін бюджетке негізгі қарызын тез арада төлеулері тиіс.
Ақмарал МЕЙІРМАНОВА,
Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер
департаментінің бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар