Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Экстремизммен бірлесіп күресу қажет - АРҚА АЖАРЫ

Экстремизммен бірлесіп күресу қажет

Ақмола облысының прокуратурасы «Зерделі ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, «Жастар экстремизм мен терроризмге қарсы» жобасы аясында іс-шара өткізді.

Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында өткен бұл шараға бір топ студент жастар қатысты. «Егер адам террорлық актінің куәгері болса не істеуі керек?», «Жат ағымдардан қалай сақтануға болады?» деген секілді сауал төңірегінде шара спикерлері жастармен ой-пікірлерімен бөлісті.
Өкінішке орай, қазіргі заманда деструктивті ағымдардың қоғамымызға дендеп еніп, әсіресе жастардың санасын улап, неше түрлі террорлық және экстремистік әрекеттерге итермелеуде. Ал, олардан аулақ жүрудің бір ғана жолы діни сауатты болу, сөзі мен ісі күмән туғызатын адамдардан бойыңды тасада ұстау.
Қайырымдылық, басқа да қоғамдық істердің артына жасырынып, ал, шын мәнісінде жат ағымды таратумен айналысатын деструктивті ұйымдардың да бары жасырын емес. Сол себепті, кез-келген адам қандай да бір ұйымға тіркелмес бұрын, оны алдын-ала тексеріп алған жөн. Террорис-терге тап болған жағдайда жасауға тиіс ең бірінші әрекетіміз – қашу. Террористерден алғашқы үш минутта қашып үлгерген адам аман қалатынын әлемде орын алған бірнеше оқиға дәлелдеп отыр. Мәселен, 2004 жылы Беслан мектебінде болған теракті кезінде білім ошағының жанында 1800-ден астам адам болған екен. Ал, террористердің қолына түскендердің саны – 330 адам. Себебі, көбісі теракт басталайын деп жатқанда жан-жаққа қашып үлгерген. Экстремистердің қолынан қаза тапқан 330 адамның 184-і балалар болған. Терактіні өз көзімен көру қаншалықты қорқынышты болса да, дүрбелеңге салынуға болмайды. Кездесуге Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы шақыртылған «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аманжол Оразбаев осы жайттарды тілге тиек етіп, жастарға экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудың тиімді жолдарын кеңінен түсіндіруге тырысты.
Ал, Науан хазірет мешітінің наиб имамы, теолог Данияр Кенжалин әрбір адам исламды дұрыс түсіну керектігін, ислам тек тыйым салудан ғана тұрмайтынын, халқымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптеу керектігі жайлы сөз өрбітті. Сондай-ақ, кездесуде қазіргі таңда ғаламтордан келетін қауіп-қатер жайлы облыс прокурорының аға көмекшісі Сырым Белгібеков, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі Александр Черенов айтып берді.
Мамандардың пікірінше, жасақтаушы-лаңкестер алдын-ала дайындалған болады. Оларға адамды өзіне қаратып алу, айтқанынан шықпайтындай ету түкке тұрмайтын іс. Жуырда ғана «Жусан» операциясының нәтижесінде Сирия мемлекетінен қайтарылған жүздеген отандасымыздың да жасақтаушы-лаңкестердің ықпалына түскені анық. Шараға қатысып, мамандардың пікірін тыңдаған жастар экстремизм және терроризммен күрес баршамыздың ортақ ісіміз деген ой түйді.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар