Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Мектепке жол» акциясына өзгерістер енгізілді - АРҚА АЖАРЫ

«Мектепке жол» акциясына өзгерістер енгізілді

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына өзгерістер енгізілгендігін мәлімдеді.

«Биыл Президент тапсырмасымен бұл акция ертерек басталды. 3 шілдеден бас-тап, өңірлер мен түрлі ұйымдарға акцияға дайындықты бастау туралы хат жібердік», – деді вице-министр «IQ Coworking» орталығында «Мектепке жол» акциясының интернет-порталының таныстырылымында. Екіншіден, «Мектепке жол» акциясы оқу жылы қарсаңында ғана емес, жыл бойы жүзеге асырылады. «Сонымен бірге, дәстүрлі механизммен қатар интернет-алаң құру үшін «Менің ата мекенім» бірлестігіне жүгіндік. Бұл ұйым Арыс тұрғындарына көмек көрсетуде өте тиімді жұмыс істеді. Яғни, кімнен қанша қаражат түскенін, әр тиынның қайда жұмсалғанын электронды түрде ашық көрсетіп отырды. Бұдан былай, «atamekenim.kz» порталы арқылы көмекке мұқтаж ата-аналар «Мектепке жол» акция-сына онлайн-өтінім бере алады. Олардың өтінімі министрліктің тізімімен салыстырылады. Яғни, шын мәнінде мұқтаж жандар есебінде тұрған отбасыларға көмектесеміз. Көмек көрсеткісі келетін ұйымдар мен жеке тұлғалар да осы платформа арқылы онлайн қаражат аударып, оның қайда жұмсалғаны туралы есеп ала алады. Осылайша «Мектепке жол» науқанын жыл бойы ашық, әділ түрде жалғастыра береміз», – деді Бибігүл Асылова.
Вице-министрдің айтуынша, «Атамекен» республика кәсіпкерлерін біріктіріп отыр. «Мектепке жол» акциясына қатысу арқылы отандық өндірушілер өздерін таныта алады. Отандық мектеп формасын тігушілер, аяқ киім зауыттарының тауарлары сатып алынады. Сондай-ақ, тұрақты интернет-алаң арқылы тұрғындардың бо-йында қайырымдылық көрсету мәдениетін қалыптастыруға болады.
«Цифрландыру арқылы көрсетілген материалдық көмектің ашық, әділ бөлінуіне қол жеткіздік. Жақын арада білім беру ұйымдарына демеушілік, қайырымдылық көмек көрсету толығымен автоматтандырылған режимге көшеді. Басқа салалар да біздің жобаны үлгі ретінде қолдана алады», – деді Б.Асылова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар