Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дәрі-дәрмекті жеңілдікпен босату ісінде ілгерілеу бар - АРҚА АЖАРЫ

Дәрі-дәрмекті жеңілдікпен босату ісінде ілгерілеу бар

2013 жылғы қаңтар айынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі іске қосылды.

Бұл жүйе диспансерлік есепте тұрған науқастарға дәрігер жазып берген нұсқауларды, сонымен қатар тегін берілетін дәрі-дәрмек рецептілерін онлайн режимде бақылап отыруға, науқастардың тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтылуына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
Жеңілдетілген медициналық дәрі-дәрмекті беру автоматтандырылған. Статис-тика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда Ақмола облысында 738 902 адам тұрады. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесінде үстіміздегі жылы 385 965 дәрігерлік нұсқау қағазы жазылып берілгені, жеңілдетілген дәрі-дәрмектерді пайдалану көрсеткішінің өткен жылдармен салыстырғанда бірнеше есеге артқаны байқалып отыр. Әсіресе, артериялық гипертензияға, қант диабетіне, жүректің ишемиялық ауруларына қарсы дәрі-дәрмектерге сұраныс жоғары.
Осы орайда, денсаулық сақтау саласына ақпараттық жүйелердің енгізілуі кеңестік кезеңнен бастап өзекті болып келе жатқан мәселе – облыс, қала, аудан ішіндегі стационарлардың және өңіраралық немесе рес-
публика деңгейіндегі мекемелердің арасында сабақтастықтың болмауы секілді түйткілді проблеманы шешті. Осылайша, жеңілдетілген дәрі-дәрмек бойынша рецептілерді беруді ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асыру медициналық қызметті жеткізушілер арасында бәсекелі ортаны дамытуға мүмкіндік беретінін айтқым келеді.
Берік СЕРІКБАЙҰЛЫ,
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» Ақмола облыстық филиалы ақпараттандыру және денсаулық сақтау секторы бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар