Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ білсін! - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ білсін!

Тұрмыс-салт дәстүрлері

Табақ тарту. Қонақжай қазақ: «Қонақ қонса ет пісер, ет піспесе бет пісер», «Бар болса сойғанның жөні бар, бір қойда он кісінің құны бар» деген секілді ұлағатты сөздер қалдырған артына. Мал етінен қазақтың ұлттық тағамының ең бастысы ет асылып, «бесбармақ» дайындалады. Құтты қонақтардың алдына арнайы табақтар тартылады. Табақ жасау – ол да өнер. Қазақта еттен табақ тартқанда оның ерекше құрмет дәрежесін білдіретін бірнеше табақ аттары бар. Осындай табақтарды жасау үшін, осы табақтарды жасағанда әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді білетін адам болғаны жөн. Әр табақ атына, маңызына қарай жасалады. Малдың әр мүшесінің атаулары, сол мүшелерден қонақтарға бөлінетін сыбағалары бар. Сыйлы қонақтарға ең жақсы жерін салады. Қонақ келсе қазан көтерген қазақ халқы қазанға еттерін атап салып, табақ жасағанда аталып жасалып, сый табақтары тартылады. Табақ бас табақ, орта табақ, сый табақ, аяқ табақ деп төртке бөлінеді. Әрқайсысы табақ иелеріне қарай жасалады. Ет пісіп дайын болған соң, ет бөлуші кісіге қай қонаққа табақ тарту керектігін айтады. Табақ жасаушы кісі қамыры салынған дайын табаққа қадірлі қонаққа арнап бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық, сүбе, әсіпті бөліп-бөліп адам санына қарай жасап береді.
Құда табаққа – жылқы, сиыр, қой еттері кіреді. Мүшелі еттерден тоқпан жілік, жамбас, мырза омыртқа салынады. Құдаларға құйрық-бауырды жеке дайындайды. Бауыр мен құйрықты тілшелеп кесіп, пияз, қаймақ, айран араластырып жасайды.
Құдағи табаққа – жақ, қазы-қарта, қарын, тоқ ішек, асықты жілік, жылқы, сиыр, қой еттерін салады. Қазақ халқы малдың жағын құдағидың сыбағасына жатқызады.
Жеңге табаққа – асықты жілік, сүбе, қабырға, мойын омыртқа, қазы-қарта, құйрық, өкпе, ұлтабар салынады. Ұлтабар келіндердің сыбағасы деп есептеледі.
Беташар табаққа – сүбе, төс, тоқпан жілік, қабырға, жауырын, қой еті кіреді. Төсті қазақта күйеудің сыбағасы дейді. Күйеу болып қайын жұртына бірінші рет келген «Күйеу табаққа» төлем беріп, сатып алатын салт бар.
Қыз табаққа – тоқпан жілік, омыртқа, сүбе, қабырға, қазы, құйрық.
Аяқ табақ – еттің басқа мүшелерінен жасалады. Бұл табақты ауыл адамдары мен көмекші адамдарға тартады.
Бала табаққа – бел омыртқа, қабырға, бүйрек, бақай, асықты жілік, жылқы, сиыр, қой еттері салынады.
Әйелдер табағына кейбір ерекше жағдайлар да болмаса, бас салына бермейді. Басты жасы үлкен адам немесе қадірлі қонақ ұстайды. Бас табақтарды адамдар әуелі бас алынбай тұрып табаққа қол салмайды. Қалыптасқан дәстүр – бас ұстаған қонақ әуелі өзі бір кесіп ауыз тиеді де, содан кейін табақтастарына құйқа үлестіріп, тегіс ауыз тигізеді. Осыдан соң жарым-жарты құйқасын сақтай отырып, орта табақтағы жасы үлкен адамға ұсынады. Әр қонақтың өзіндік сыйы сияқты мүше ұстау рәсімдері бар. «Қонақ асыңа емес, қабақ-қасыңа риза» дегендей үй иесі қонақтарын сыйлағанын табақ тартысымен білдіреді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар