Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ білсін! - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ білсін!

Тұрмыс-салт дәстүрлері

Асату. Бұл туралы С.Мұқанов өзінің «Халық мұрасы» деген кітабында кеңірек жазған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бастағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында жүретін-ді.

Ақ алып шығу. Сүт, қымыз, шұбат, айранды қазақтар «ақ» деп атайды. Ақта қасиет бар деп есептейді. Ақ түс – адалдықты, сенімділікті білдіреді. Жаңа көршілерін ақ алып шығып, қарсы алады, бұл қарым-қатынастарының таза, әділ, қиянатсыз болғанын қалайтындығының белгісі. Жаңа көшіп келген көршіні қонаққа шақырады, бұл «ерулік» деп аталады. Көршіні ерулікке шақырмау әдепсіздік, дәстүрді бұзу болып табылады.

Ақ жол. «Ақ жол» – әйелдерге сын. Өзінің еріне адал, шын берілген, өтірік айтпаған әйел ауырған адамның үстінен үш рет аттаса, ол адам жазылып кетеді деген наным бар. Науқас адам расында жазылып шықса, ол әйел шын қасиетті деп есептелген. Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романын оқыған адам мұны жақсы біледі.

Ат мінгізіп, шапан жабу. «Ат мінгізіп, шапан жабу» – өте жоғары құрмет. Қазақ мұны аса қадірлі қонағына, талантты ақынына, әйгілі батырына, жамбасы жерге тимеген күрескеріне, т.б. жасаған. Бұл салт бүгін де жалғасын табуда. Бұл қазақтың құрметтеп жүрген дәстүрлері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар