Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Конституциялық құқығымызды пайдалана білеміз бе? - АРҚА АЖАРЫ

Конституциялық құқығымызды пайдалана білеміз бе?

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Намыс» саяси дискуссиялық клубының «Конституция және азаматтық қоғам, адам бостандықтары мен құқықтарының жүзеге асырылуы» тақырыбында кезекті отырысы өтті.

Отырысқа саясаттанушылар, саяси партиялардың жетекшілері, кәсіподақ, қоғамдық және жастар ұйымдарының, мемлекеттік органдардың басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Заң ғылымдарының магистрі Сәрсенбай Сыздықов пен облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сағындық Кенжебаев Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылу тарихы туралы баяндама жасады.
Жиында Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин, Ақмола облысы кәсіподақ орталығының төрағасы К.Рахметов, Көкшетау қаласының құрметті азаматы, еңбек ардагері Б.Жанәділов, Ақмола облыстық «Жас ұлан» ұйымының төрайымы Мансия Есекеева сөз сөйлеп, пікірлерімен бөлісті.
Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин: «Біздің Ата Заңымыз өзге елдердің конституциясынан жоғары тұрғандығын, сапалы екендігін ағаларымыз айтып өтті. Бірақ, өкінішке орай заңымыз толымды болғанмен, қазақстандықтар өздерінің құқықтарын біле бермейді, заңды қолдана алмайды», – деп осы жағына көбірек алаңдайтынын айтты.
Ал, теледидар мен әлеуметтік желілердегі орынсыз қылықтар жасаған азаматтардың әрекеттеріне күйінген еңбек ардагері Б.Жанәділов: «Сіз джунглиде жүрген жоқсыз. Осы қоғамда жүргендіктен қоғамның салты мен дәстүрін, тәртібін сақтауға міндеттісіз. Сондықтан теледидардағы бағдарламаларды жөнге салу қажет. Мұхтар Әуезов айтты ғой «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп, қазір енді ел болам десең теледидарыңды түзе деген ұғым болу керек», – деді.
Талқылау барысында клуб мүшелері азаматтық қоғамды дамытудағы негізгі заңның қоғамдық-саяси және идеологиялық маңызы туралы пікір алмасты.
Айтолқын АМАНГЕЛДІ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар