Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Экологиялық кодекс қайта қаралады - АРҚА АЖАРЫ

Экологиялық кодекс қайта қаралады

Ақмола облысы бойынша экология департаментінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ел халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.

Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында өте маңызды мәселелерді алға тартты. Атап айтсақ, мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау, экономиканы дамыту. Сонымен қатар, Президент азаматтық қоғамның келешегі жайлы маңызды мәлімдеме жасады.
Жолдауда зейнетақы жарналары мен броконьерлік қылмыстар, балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту мәселелері де айтылмай қалмады. Біраз мәселелерді шешу үшін нақтылы қадамдар көрсетілсе, кейбірінде бағыт-бағдар берілді. Бұл Жолдау революциялық жолмен емес, эволюциялық жолмен жүру үшін барынша саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйенің әлеуетін ашуға бағытталған.
Мемлекет басшысы азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екенін айтып өтті. Шыны керек, кей жағдайларда тұрғындардың өтініштеріне әкімдік, департамент, министрлік пен басқа да ведомстволар тарапынан жауап қайтарылмай жатады. Маңызды құжат әрқайсымызды, атап айтсақ, мемлекеттік мекемеде істейтін қызметшілерден бастап, қарапайым жұмысшыға дейін нақты өз ісімен айналысуды, өз мамандығының білгірі болуға шақырады. Ішкі әлеуетімізді ашу, бұрын жіберілген қателіктерді қайталамай, бастапқы мақсатымызға қайта оралу – міне, осылар Жолдаудың негізгі мақсаты болып табылады.
Сөзінің соңында Президент Үкіметке экологияны жақсарту, жаңартылған энергия көздерін пайдалануды кеңейту, қоршаған ортаны сақтау ісін дәріптеу жұмыстарын жандандыруды тапсырып, осы орайда «Бірге – таза Қазақстан» науқаны қолдауға тұрарлық жоба екенін атап өтті. Ендігі ретте, Парламенттің алдында Экологиялық кодекстің жаңа нұсқасын талқылау және қабылдау міндеті тұр.
Күләш РАХЫМОВА,
Ақмола облысы бойынша экология департаментінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар