Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбекші мүддесінің сақталуы ұдайы бақылауда - АРҚА АЖАРЫ

Еңбекші мүддесінің сақталуы ұдайы бақылауда

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарындағы дағдарысқа қарсы жəне құрылымдық жаңарулардың бес бағыты бойынша жаңа əлеуметтік саясатты жүзеге асыру еңбек өнімділігін арттыруға айтарлықтай əсер етері анық. Еңбек ресурстарының жұмылғыштығын жоғарылатуда бірінші кезекте еңбек күші артық өңірлерден жұмыс қолы жетіспейтін аймақтарға миграциялық ынталандыруға бағытталған шараларды күшейту мүмкіндіктері қарастырылған. Осыған орай, азаматтарды əлеуметтік жағынан қолдауды жақсарту мақсатында жұмыспен қамтудың аумақтық жаңа жол картасы жасалады. Бұл ретте мемлекеттік еңбек инспекциясына жүктелетін міндет зор болмақ.

Бүгінде əлеуметтік дамудың жаһандық тренді жалпыға ортақ еңбек қоғамына өтуге барып тірелетінін ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан, адал еңбекке ынталандырудың жолдарын табу, оның қоғамдық жүйесін құру əлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мəселелерінің бірі болып табылады. Жасыратыны жоқ, адамдар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын жақсы білгенмен, қорғауға келгенде түрлі кедергілерге тап болып жатады. Оған белсенділіктің төмендігі, бюрократтық кедергілер кері əсерін тигізеді.
«Əлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, экономикалық жəне мəдени байлықтар адамның еңбегімен жасалады,– деп Елбасымыз айтып өткендей, бақыт еңбекпен келеді. Табысқа жетудің кілті – еңбекте. Олай болса, масылдық пен əлеуметтік инфантилизм секілді құбылыстарды еңсеріп, жеке адам мен бизнестің жоғары жауапкершілігіне, барлық еңбек субъектілерінің мемлекетке қатысты əріптестік өзара қарым-қатынасына негізделген еңбек қызметі мен игілікке жаңа тартымдылық енгізу күн тəртібінде тұрғанын аңғару қиын емес. Жаңғырту үдерістерінің табыстылығын көп жағдайда эволюциялық, ортақ жауапкершілік, əріптестік қатысу, ынталандыру қағидаттарына негіздеудің маңыздылығы зор.
Бүгінгі Еңбек кодексінің Халықаралық еңбек ұйымы мен ЭЫДҰ-ның еңбек стандарттарына бейімделуі, еңбек шарты жағдайларын өзгерту рəсімдері заңнамалық тұрғыда оңайлатылған, еңбек ұжымдарында өзін-өзі басқару, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің ұжымдық келіссөздер тетіктерінің қарастырылуы еңбек дағдыларын қалыптастыруға деген өрелі өзгерістерді көрсетеді. Қоғамда қанша сала болса, соншалықты алуан түрлі мамандық бар. Əр саланың жауапкершілік жүгі əрқалай. Еңбек заңнамасының орындалуын бақылауда инспекцияға жүктелетін жауапкершілік зор. Біз өз құзыретіміздің шеңберінде келіп түскен өтініштер мен арыз-шағымдарды жүйелі сипатта қарай отырып, жоспардан тыс тексерістер жүргізуге де құқылымыз. Өйткені, еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуы мемлекеттік мəселе болып табылады.
Сонымен қатар, ұжымдық келісім-шарттарға мониторинг жүргізіп, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеумен де айналысамыз. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың еңбекті қорғау жəне еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысындағы ұйымдастырушылық қарым-қабілеті мен білім-біліктілігі осындай кездерде айқын аңғарылады.
Биылғы жылдың басынан бері облыс бойынша 345 кəсіпорынға тексеріс жүргізіліп, 360 заң бұзушылық анықталды, оның 299-ы еңбек заңнамасына қатысты. 115 лауазымды жəне заңды тұлғаларға 18,3 миллион теңге айыппұл салынып, əкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жұмыс берушінің еңбек шарттарын сақтамауы техникалық қана мəселе емес, бұл – адамдардың өміріне қатысты. Тəртіптің жоқтығы салдарынан туындайтын келеңсіздіктерден нағыз еңбек жасындағы адамдар зардап шегеді. Ал, олардың асырап отырған отбасылары, балалары бар. Сондықтан, бұл істе тəртіп орнату біздің басқарманың басты міндеті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің биылғы Жолдауында айтып өткен еді. Президент еңбек адамының беделін көтеру жөнінде ой қозғауымен қатар, өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бақылау жұмыстарын барынша ширату талабын қойып отыр. Əлеуметтік-еңбек дауларын туындататын басты себептердің бірі еңбекақының кешіктірілуі болып отыр. Мұндай дау-жанжалдардың ақыры өндірістік үдерістердің тежелуі, банкроттыққа ұшырауы сияқты келеңсіз жайттарға соқтыруы мүмкін.
Бұл тұрғыдан алғанда облыста өткен жылдармен салыстырғанда жұмысшылардың айлығын уақытында бермеу оқиғасы біршама азайғаны байқалады. Оған мемлекеттік еңбек инспекторларының қосып отырған үлесі зор.
2019 жыл «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» болып белгіленді. Осыған орай, «Vision Zero-нөлдік жарақат» тұжырымдамасы шеңберіңде меморандумға қол қойылды.
Басқарма тарапынан аудан және қала әкімдіктеріне облыстағы кәсіпорындарда осы тұжырымдаманы енгізу туралы ұсыныс жолданды. Еңбек қауіпсіздігі демекші, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қауіпсіздіктің алдын алу шараларының арқасында өндірістік жарақаттардың орын алу оқиғасы азайған. Мәселен, жыл басынан бері 36 оқыс оқиға орын алса, одан 7-уі мерт болып, 39 адам зардап шекті. Дегенмен, 2018 жылмен салыстырғанда көрсеткіштің төмендегені байқалғанымен, жұмыс беруші тарапынан қауіпсіздік талаптары əлі де толық сақтала бермейді. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті мамандардың өз міндетіне салғырттығы негізгі себеп саналғанымен, жауапкершіліктен бірінші басшы да тысқары қала алмасы анық. Өкініштісі сол, бюджеттік мекемелер мен ауыл шаруашылығы, құрылыс, теміржол көлігі, шағын жəне орта бизнес салаларында қайғылы оқиғалардың азаймауы ойлантпай қоймайды.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері күн тəртібінде өткір тұр. Елімізде қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау аясындағы нормативтік-құқықтық актілер əлемдік тəжірибеге сəйкестендірілген. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мəселелері бойынша ұсыныстарымыз құзырлы органдарға жолданып отырады. Жүктелген міндеттерге сəйкес алдағы басты мəселе еңбек заңнамасы, қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау аясында азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау болып табылады. Еңбек қатынастары саласындағы заңнаманың орындалуы ерекше бақылауда ұсталынады. Еңбек қатынастары саласында əділеттілікті орнату – басты парызымыз.
Алайда, осыған қарамастан облысымыздағы кейбір шаруашылықтар мен кәсіпорындар осындайға жол бергенімен қоймай, жұмысшы алдында өз кінәсін мойындаудан бас тартуға баратыны өкінішті-ақ. Мұндайда мемлекеттік еңбек инспекциясының араласуына тура келеді. Сол себепті, жұмыс беруші міндетті түрде еңбек заңнамасы талабының орындалуын қатаң қадағалау қажет. Мемлекет еңбек бостандығы құқына толық кепілдік береді. Жұмыс таңдауда жұмысшы қоғамдық əлеуметтік кепілдіктермен таныс болуы шарт. Яғни, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сəйкес жұмысшы еңбекақыға, жұмыс уақытының ұзақтығын шектеуге, ең аз мерзімді демалысқа шығуға құқылы. Бұл мемлекеттік кепілдіктер жаңа Еңбек кодексінде айқындалған.
Еңбек адамы осындай құқықтық мəселелерден шет қалмауы үшін құқықтық оқулар ұйымдастыру белгіленген. Осы бағытта жыл басынан бері жергілікті мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан 55 семинар өткізіліп, оған 900-ден астам тыңдаушы қатысты.
Жалпы алғанда, еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Сонда əр адамның еңбек алаңындағы қоғамдық жауапкершілігі нығайып, сауаттылығы артады. Еңбек даулары туындай қалған жағдайда өз құқығын қорғай алатын кəсіби маман ретінде дараланады. Əріптестік қатысу қағидаты бойынша барлық жұмыс мемлекеттің, бизнес пен азаматтың тығыз өзара іс-қимылы негізінде құрылып, билік мемлекет, қоғам жəне жеке адам мүддесінің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін болады. Көп жағдайда еңбек қатынастары саласындағы заң бұзушылықтардың орын алуына байланысты жеке тұлғалар қайда барып, кімге шағымданарын білмей дал болып жатады. Осындай кемшіліктерді болдырмау үшін азаматтарды тұрақты қабылдау кестесі жасалды.
Ғаламтор желісін пайдаланушылар үшін арнайы интернет-ресурс жұмыс істейді. Өндірістегі еңбек қауіпсіздігін күшейту мен бақылау жұмыстарын қамтамасыз етудің басқа да жолдары кеңінен қарастырылатын болады.

Дүйсенбек БАЙМҰСЫНОВ,
Ақмола облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының орынбасары

Дерек пен дәйек

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметтері бойынша 2019 жылғы 1 қыркүйектегі есеп бойынша жұмыссыздардың саны 3634 адамды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,6 пайызға артты. Жыл басынан бері жұмысқа орналасу туралы 14553 адамның өтініші тіркелді, оның ішінде 11027 адам немесе барлық өтініш білдіргендердің 75,8 пайызы жұмысқа орналастырылды. Ал, 2019 жылғы 1 қыркүйекке тіркелген жұмыссыздар санының үлесі 0,9 пайызды құрады.
2019 жылғы қаңтар-маусымда бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы (есепті кезеңде есеп берген кәсіпорындар шеңбері бойынша, шағын кәсіпорындарды қоспағанда) 131656 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,1 пайызға жоғары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар