2020 жылғы 1 қаңтар! Атаулы әлеуметтік көмек жаңа тәсілмен көрсетіледі

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мұқтаж азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек қалай көрсетілетінін айтты.

АӘК табысы аз отбасыларға, соның ішінде көп балалы отбасыларға төленетін болады. Ең аз күнкөріс деңгейінің 70 пайызын тағайындаудың шекті өлшемі қалады. 2020 жылға ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 теңге мөлшерінде белгіленді. АӘК мөлшері, бұрынғыдай, отбасының әр мүшесі үшін орташа жан басына шаққандағы табыс пен отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы арасындағы айырманы құрайды.

Министр сөз басында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ғана ақшалай төлемдер түрінде және жеке ісін бастауға оқытуға, жұмысқа орналасуға және қолдау көрсету арқылы отбасын өмірлік қиын жағдайдан шығаруға көмектесуге бағытталғанын атап өтті.
– Ең басты принцип ­– мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға, әсіресе, балалар мен көп балалы отбасыларға көмектеседі! Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмекке – көп балалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, табысы аз отбасылардағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакеті кіреді, – деді Біржан Нұрымбетов.
Министрдің айтуынша, көп балалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл мемлекеттік жәрдемақы барлық көп балалы отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар), табысына қарамастан төленеді. Мемлекеттік жәрдемақы мөлшері бала санына қарай сараланады. Әр балаға орта есеппен 10-11 мың теңге және 2018 жылдан бастап тағайындалуы тоқтатылған осыған ұқсас жәрдемақы мөлшерінен 4-7 есе артық болады.
– АӘК табысы аз отбасыларға, соның ішінде көп балалы отбасыларға төленетін болады. Ең аз күнкөріс деңгейінің 70%-ын тағайындаудың шекті өлшемі қалады. 2020 жылға ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 теңге мөлшерінде белгіленді. АӘК мөлшері, бұрынғыдай, отбасының әр мүшесі үшін орташа жан басына шаққандағы табыс пен отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің
70 % арасындағы айырманы құрайды, – деді Біржан Нұрымбетов.
– Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін балалар тағамы, гигиеналық құралдар, білім беру қызметтері ұсынылады. Мектеп жасындағы балалар үшін ыстық тамақ, мектеп киімдері мен керек-жарақтарын сатып алу, жол жүру шығындарын өтеу, сондай-ақ, медициналық қызмет көрсету көзделген, – деді Біржан Нұрымбетов.

Брифинг соңында Біржан Нұрымбетов министрлік әрбір отбасының әлеуметтік картасын жасағанын, карта мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен автоматтандырылған деректер негізінде отбасылардың нақты мәртебесін анықтауға және қадағалауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұдан әрі бұл ақпарат өмірлік қиын жағдайда қалған отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыру және әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылады.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енді көп балалы отбасылардың балаларына отбасының кірісіне қарамастан мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Отбасы үшін АӘК бөлек есептеледі, өйткені, «балалар» төлеміне кепілдік беріледі.

Осыған байланысты көп балалы отбасыларға арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақы бала санына байланысты 42 500 теңгеден 73 370 теңгеге дейін сараланған:

42 500 теңге – 4 баласы бар отбасы үшін,

53 125 теңге – 5 баласы бар отбасы үшін,
63 750 теңге – 6 баласы бар отбасы үшін,

73 370 теңге – 7 баласы бар отбасы үшін.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар