Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетау қалалық сотында фронт-кеңсе ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетау қалалық сотында фронт-кеңсе ашылды

«Үлгілі сот» жобасын іске асыру шеңберінде Көкшетау қалалық сотының ғимаратында Көкшетау қалалық соты, мамандандырылған әкімшілік және тергеу соттары үшін фронт-кеңсе ашылып, қызметке кірісті.

Фронт-кеңсенің ашылу рәсіміне Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов, Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов, Көкшетау қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев, Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сапарбек, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары, медиаторлар, адвокаттар, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Көкшетау қаласының судьялары мен сот қызметкерлері қатысты.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов сот қызметін алушыларға жағдай жасайтын фронт-кеңсенің ашылуының маңыздылығын айта келе, сот ұжымына сәттілік пен табыс тіледі. Ақмола облыстық сотының төрағасы
Досжан Әміров сот ұжымын жобаның ашылуымен құттықтап, фронт-кеңсе сотқа келген азаматтарға нәтижелі қызмет көрсететініне сенім білдірді.
Фронт-кеңсенің кіре берісінде ақпарат орталығы орналасқан. Онда келушілерді арнайы маман-үйлестіруші қарсы алады, ал азаматтар үшін жайлы күту залы бар және ондағы экрандардан танымдық ақпарат көрсетілетін болады.
Қалалық соттың төрағасы Ринат Шақуанов іс-шараның барысында фронт-кеңсе соттың қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағыталғаның атап өтті. Фронт-кеңседе сотқа келушілерге ыңғайлы болу үшін барлық жағдайлар жасалынған. Ол қажетті кеңсе жабдықтарымен жабдықталған, мұнда сотқа өтініштерді ресімдеу және беру тәртібі, сот өндірісіндегі істер мен материалдардың қозғалысы мен оларды қарау барысы, сот отырыстарын өткізу уақыты, кіріс хат-хабарлар мен өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы туралы мәліметтерді ұсыну бойынша қызмет көрсететін ақпараттық орталық орналасқан. Бұл жерде медиаторлар мен адвокаттарға арналған жеке кабинеттер бар. Сот жүйесін жаңғырту негізінде оның қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтарға нәтижелі қызмет көрсету мақсатында, республика соттарының әрекеттері белсенді жетілдірілуде, сот өндірісіне жана технологиялар енгізілуде. Көкшетау қалалық сотында ашылған фронт-кеңсе жобасы соның бір көрінісі.

Гүлжан ӨТЕШЕВА,
Көкшетау қалалық соты кеңсесінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар