Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азық-түліктің негізсіз қымбаттауына жол бермеу керек - АРҚА АЖАРЫ

Азық-түліктің негізсіз қымбаттауына жол бермеу керек

Ақмола облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінде рыноктағы әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарларының бәсекелестік жағдайының мәселесі жөнінде кеңес болып өтті.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының және бизнес қауымдастығының өкілдері қатысқан кеңесте аталмыш департамент басшысының міндетін атқарушы Фазыл Алмат биылғы жылдың 3 тоқсанында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік та-уарлары бағасының көтерілгенін айтты. Мәселен, ұн, нан, жұмыртқа, тауық еті, орамжапырақ пен пияздың бағасы өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 14,5 пайыздан 33 пайызға дейін өскен. Бағаның осыншама өсу себебін анықтау мақсатында Ақмола облыстық монополияға қарсы орган әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын рыноктардың жұмысына талдау жасайтын болады. Оның нәтижесін өңірдің тұрғындары мен кәсіпкерлері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі арқылы білетін болады.
Сондай-ақ, облыстық монополияға қарсы орган басшысының айтуынша, көмірдің бағасы 8500-13000 теңгені құрайды. Өткен жылы да бағаның деңгейі осындай болған. Кен орнынан сатып алу бағасы, тасымалдау шығыны, көмір сатушылардың көтерме бағасы бақылауда ұсталады.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Әйдірахманов белгіленген баға және тұрақтылық тетігін қоса алғанда, әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарларының бағасын реттеу тетігі жөнінде хабарлама жасады. Қол жеткізілген келісімге сәйкес Ақмола облыстық монополияға қарсы органның өкілдерін әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарларының бағасы жөніндегі әкімдік комиссиясының отырысына шақырып отыру керек.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қасым Итқұсов барлық егіс алқабының 98,5 пайызы жинап алынғанын айтты. Орташа гектар берекесі 10,5 центнерден айналуда. Сондай-ақ, ұн, ет, жұмыртқа, құс еті мен өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемі ұлғайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру мақсафтында өңірде суармалы жерлер көбеюде. Пікірталас барысында кеңеске қатысушылар әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарлары бағасының деңгейіне ықпал ететін негізгі факторларды талқылады. Сондай-ақ, мал азығы мен жанар-жағармай бағасының қымбаттауы, субсидияға деген қолжетімділік жөнінде де айтылды.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар