Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ерікті зейнетақы жарналары - АРҚА АЖАРЫ

Ерікті зейнетақы жарналары

зейнет жасына жасалған тамаша сый!

Бойыңда жастық жалын мен күш-қуат тұрғанда: «Пәлен жылдан кейін не болады?» – дегенді ойлай бермейсің. Әйтсе де, еңбекке жарамды кезіңде мұны да ойлап қойған жөн. Мәселе – мынада. Қайсымыз болсын, зейнеткерлік жасқа толған кезден бастап өзімізге лайықты, қомақты мөлшерде зейнетақы алғымыз келетіні сөзсіз. Өз елімізде де, басқа елдерде де зейнетақыға қаржы жинақтау – алғашқы жалақыны алған күннен басталады.

Аты айтып тұрғандай, міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақшалай мәндегі еңбекақы мен өзге де табыстардың барлық түрінен толық көлемде және жүйелі түрде аударылып отырады. Ал, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) болашақтағы төлемдерге тамаша бонус болып табылады. Десе де ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) дегеніміз не? Оны Қорға қалай төлеуге болады? Оның қандай артықшылықтары бар?

Ерікті зейнетақы жарналары – салымшының өз бастамасымен БЖЗҚ-ға өз пайдасы үшін енгізетін ақшасы. Ол бұл жарналарды өз табысынан үшінші тұлғаның пайдасына да аудара алады. Мысалы, сіз өз ақшаңызды бала күтімімен үйде отырған әйеліңіздің пайдасына енгізе аласыз. Өйткені, зайыбыңыз міндетті зейнетақы жарналарын аудармайтындықтан, сәйкесінше еңбек өтілі болмағандықтан, келешекте бюджеттен мардымсыз ғана зейнетақы алуы мүмкін. Ал, ерікті жарналар шотта бекерге жатпайды. Үнемі ұлғайып отырады. Өйткені, әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланады. Сәйкесінше шотқа күн сайын инвестициялық табыс есептеледі. Оның үстіне аударатын жарнаңыздың мөлшерін және аудару жиілігін зейнетақы қорымен келісе отырып, өзіңіз белгілейсіз. Мысалы, алатын табысыңыздың көлеміне қарай, қаңтар айында шотыңызға 5 000 теңге, ал наурыз айында 15 000 теңге аударуыңыз мүмкін. Ерікті жарналарды тек жеке тұлғалар ғана емес, үшінші тұлғаның, мысалы, өз жұмысшысының пайдасына заңды тұлғалар да аудара алады.
Мінеки, аталмыш жүйе өте қарапайым, бір қарағанда банктегі депозитке ұқсайды. Бірақ, бұл жерде тамаша артықшылық – шотқа күн сайын инвестициялық табыс түсіп отырады. Сонымен қатар, ерікті жинақтарды мерзімінен бұрын алуға болмайтындықтан, зейнет жасына дейін айтарлықтай қаржы жинақтауға әбден болады. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты, тіпті, кәмелетке толмағандар да жасаса алады. Бірақ, бұл жағдайда олардың заңды өкілдері Қорға қажетті құжаттар топтамасын ұсынуы тиіс. Осылайша кез-келген адам жасы мен қызметіне қарамастан Қорға ерікті зейнетақы жарналарын аудара алады.
Айтпақшы, ерікті зейнетақы жарналары зейнетақы қорына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады. БЖЗҚ жақын болашақта екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп, ерікті жарналарды жеке зейнетақы шотына онлайн тәртібінде аудару қызметін іске қосуды жос-парлап отыр. Бұл қызмет іске қосылған соң, әрбір азамат үйде отырып-ақ, ерікті жарналарды өз шотына аудара алатын болады.
Ерікті зейнетақы жарналарының тағы бір артықшылығы – жинақталған қаражатты жалпыға бірдей бекітілген зейнеткерлік жасқа дейін, яғни, 50 жасқа тола салысымен пайдалана аласыз. БЖЗҚ-дан ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер мынадай құжаттарды ұсынған жағдайда жүзеге асырылады:
1) алушының жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
2) алушының банк шоты туралы мәлімет.
Бұдан басқа, ерікті жинақтарды мүгедектігі бар азаматтар, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тиісті құжаттарды ұсынған жағдайда алуға құқылы.
Ескере кететін жайт, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық Кодексінің 326-бабының ережесіне сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері төлем көзінен жеке табыс салығы салынатын табысқа жатады. Сондықтан, мына қағиданы есте ұстаған жөн – салықты екі рет төлеп қоймас үшін өз пайдаңызға ерікті жарналарды аударғаныңыз туралы жұмыс берушіңізге хабарлап, тиісті құжаттарды ұсынуыңыз қажет.
Қосымша айтарымыз, ерікті зейнетақы жарналары бойынша шот ашу өте ыңғайлы. Электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болса, БЖЗҚ сайтында ерікті зейнетақы жарналары бойынша шот аша аласыз. Бұл Қордың enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету»-«Ерікті зейнетақы жарналары есебінен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау» бөлімі арқылы қолжетімді. Бұған қоса, Қордың жергілікті филиалына жеке басыңызды куәландыратын құжатпен барып та ашуға болады. Бұл бар болғаны бірнеше минут уақытты алады.
Әлемдік үрдіс ерікті зейнетақы жарналарының артықшылыққа ие екендігін көрсетіп отыр. Шет елде тұратын көптеген болашақ зейнеткерлер өз келешегін студент кезінен ойластыратыны анық. Олар зейнеткерлік жасқа толып, құрметті демалысқа шыққан соң, зейнеткерлердің ел аралап, саяхат жасайтынын, көңілі қалаған бұйымдарын сатып алатындығын, балалары мен немерелерін сыйлықсыз қалдырмайтындығын көріп те, біліп те жүр. Тап осындай мүмкіндікке біздің зейнеткерлер де қол жеткізе алады. Демек, бәрі де өз қолымызда!
Елена СОКОЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар