Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Тапқыр достар» зияткерлік ойыны - АРҚА АЖАРЫ

«Тапқыр достар» зияткерлік ойыны

Жас ақындар мен әдебиетшілердің жиыны аясында   «Тапқыр достар»  зияткерлік ойыны өтті. Аталған ойынға «Эщкере», «Джентельмены удачи», «Тең емес» атты үш топ қатысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  аясында өткізілген бұл шараның мақсаты – оқушыларды жан-жақты ақпараттануға, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, шығармашылыққа, алғырлыққа, зеректікке, тапқырлыққа баулып, әдебиет саласындағы ұлы тұлғалармен өскелең ұрпақты таныстыру.

5 кезеңнен тұрған зияткерлік ойын барысында қатысушылар жан-жақты білімі мен үш тілді меңгеру деңгейін  көрсетуге мүмкіндік алды. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін таныстырып, топ ұранын айтса, «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталатын екінші кезеңде әр топ берілген 10 сұраққа  бір минут ішінде жауап берді. «Жаңғырық» кезеңінде әр топ әдебиетке қатысты сұрақтарға жауап беріп, өздерінің тарих, әдебиет, театр және басқа да салалардағы терең білімдерін көрсетті. Бұл кезеңде қатысушылар әлем халықтарының белгілі ақын-жазушыларын анықтап, олардың кім екенін, қандай шығармасын оқығанын айтулары тиіс еді. Бесінші «Менің оқиғам» кезеңінде таңдаған әріптеріне байланысты өз оқиғасын жазу, яғни оқиғаның әрбір сөзі таңдалған әрібінен басталуы тиіс. Бұл кезеңнің ерекшелігі -ойыншылармен бірге көрермендер де қатысты.

Ойын барысында барлық балдәурендіктер тума таланттар мен дарынды дарабоздар туралы тың ақпараттармен танысып, көкжиектерін кеңейтті.

Зияткерлік ойын өте қызықты өтіп, «Джентельманы удачи» тобы І орынға, «Тең емес» тобы ІІ орынға, ал «Эщкере» тобы ІІІ орынға ие болды.

Зияткерлік ойын қатысушыларына алғысымызды білдіреміз және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

«Балдәурен» РОСО  баспасөз хатшысы Ерденова Айнур Жетпісбайқызы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар