Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру – басты міндет - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру – басты міндет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алдымызда тұрған маңызды міндеттерді атап көрсетті. Солардың бірі – мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға тоқталды.

Мемлекеттік аппарат жүйесі тиімді болу үшін бүгінгі таңда ашық және нәтижелі кадрларды іріктеу жүйесі жұмыс істеуде. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік басқару жүйесін күшейту жолында мемлекеттік қызметке сауатты, жауапкершілігі мол, бәсекеге қабілетті, талантты әрі белсенді жастарды тартуға маңызды көңіл бөліп келеді. Осы орайда, Ақмола облысындағы оқу орындарының студенттерімен тығыз жұмыстар жүргізілуде, себебі болашақ мамандар әрбір мемлекеттік қызметшінің парызы – адал еңбек ету, мемлекеттік қызметші атағын мақтанышпен әрі абыроймен алып жүру керектігін түсінуі тиіс. Сондықтан да, Мемлекет басшысының «Мемлекеттік қызмет – ол өз еліңе және халқыңа қызмет ету. Бұл ерекше борыш. Сол себепті осы жолға түсуге бел буған мемлекеттік басқарушылар өздеріне ерекше талап қойылатынын түсінуі тиіс», – деген сөзімен келіспеу мүмкін емес.
Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желідегі белсенділігінің маңыздылығына назар аударды. Әрбір мемлекеттік қызметші халықпен тығыз қарым-қатынаста болу үшін әлеуметтік желіні белсенді қолдана білуі қажет, тіпті, интернет дамыған заманда бұл талап олардың міндетіне айналуы тиіс.
Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз арқылы азаматтарды толғандырған сұрақтарға жауап беру үшін үнемі интернет-конференциялар, онлайн-қабылдаулар, тікелей эфирлер өткізуді қолға алдық. Біздің парақшаларымызда жазылушыларының саны бүгін 48334 азаматқа жетіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда департаментке келген өтініштердің 40 пайызы осы әлеуметтік желілер арқылы түседі.
Бұдан басқа, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, олардың ашықтығын және тиімділігін қамтамасыз етуге көңіл бөлінуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде облысымызда электронды түрде көрсетілген қызметтер саны 84,2 пайызға (2 534 468) жетті. Бүгінгі таңда қызметтерді электронды түрде алудың мүмкіндіктерін азаматтарға түсіндіру жұмыстары кеңінен жалғасуда. Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтердің сапасына баға беру, олардың тиісті дәрежеде көрсетілуін қадағалау жұмыстары жүргізілуде. Мысалға, азаматтар «Цифрлық агент» бағдарламасы арқылы мемлекеттік қызметшілердің қызмет көрсету сапасына 1168 рет баға берді. Оның ішінде 1152-сі қызмет сапасының жоғары екенін көрсетіп отыр.
Осы орайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру арқылы мемлекеттік аппараттың халыққа бағдарланған жүйесін қалыптастырудағы жоспарларымыз ауқымды.

Берген БЕСПАЛИНОВ,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар