Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тексерістер заңдылықтың сақталмауын көрсетті - АРҚА АЖАРЫ

Тексерістер заңдылықтың сақталмауын көрсетті

2019 жылдың жаз айларында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті электр энергетикасы саласындағы заңдылықтың сақталуы бойынша бірқатар энергетикалық кәсіпорындарда жоспардан тыс тексерістер жүргізді.

Соның бірі «Көкшетау Энерго Центр» ЖШС қалалық электр желілері филиалында жүзеге асырылды. Тексеріс нәтижесінде осы кәсіпорынға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 172-бабының 5-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалып, тұтынушыны электр энергиясынан заңсыз шектегені және ажыратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік істі қарау кезінде құқық бұзушының кінәсі іс материалдарымен және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, тексеріс нәтижесі туралы актімен, тағы басқа. материалдармен расталды. Сондықтан, «Көкшетау Энерго Центр» ЖШС қалалық электр желілері филиалы әкімшілік құқық бұзушы ретінде кінәлі деп танылып, қысқартылған өндіріс негізінде әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жазаға тартылды.
Үстіміздегі жылдың шілде айында «Blic Terminal» ЖШС, «Көкшетау Автодор» ЖШС кәсіпорындарына тексеріс жүргізген кезде тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың қағидаларын бұзғандығы анықталды. Осынау бұзушылықтар апаттық және қызмет көрсетушi персоналдың өмiрiне қауiп төндіретін жағдайға әкеп соғуы әбден мүмкін. Департаменттің қаулысымен аталған серіктестік кәсіпорындары ӘҚБтК-ге сәйкес әкімшілік жазаға тартылып, салған айыппұл мемлекеттік бюджет кірісіне аударылды.
Бұдан басқа, технологиялық бұзушылықтардың туындағаны туралы ақпаратты және жазатайым оқиғалардың орын алғандығы жөнінде жедел хабарламаны уақытылы ұсынбағаны үшін департамент «АРЭК» АҚ, «Көкшетау Энерго» ЖШС энергия беруші ұйымдарына электр энергетикасы саласындағы қағидалар талаптарының бұзушылықтарын жою туралы нұсқама беріп, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының сақталуына қадағалау мен бақылау жасауды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган жүзеге асырады. Осыған байланысты энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындар тарапынан электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары желілерінің жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың бекітілген қағидаларын бұзу, тұтынушылардың электр энергиясын заңсыз шектеу немесе ажырату, мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарын немесе нұсқамаларын, қаулыларын орындамау фактілері анықталатын болса, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментіне мына мекен-жай бойынша жүгінуді ұсынамыз: Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 230-үй, тел. 8(7162) 257867, 251316.

Жасұлан ҚАСЕНОВ,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитеті Ақмола облысы
бойынша аумақтық
департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар