Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ҚР Еңбекмині сөйлеу процессорларын қайтару бойынша норманы алып тастауға ниетті - АРҚА АЖАРЫ

ҚР Еңбекмині сөйлеу процессорларын қайтару бойынша норманы алып тастауға ниетті

Мүгедектігі бар адамдардың және қоғамдық бірлестіктердің ескі сөйлеу процессорларын алып тастау жөніндегі норманың күшін жоюға қатысты бірнеше рет өтініштерін ескере отырып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Еңбекминінің мамандарына мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережелерінде аталған норманың күшін жою жөніндегі мәселені қарауды тапсырды.
2007 жылдан бастап Қазақстанда есту қабілеті ауыр бұзылған (саңырау) 2 мыңға жуық азамат мемлекеттік бюджет есебінен кохлеарлық имплантация тәсілімен операциядан өтті. Бүгінгі күні – бұл осы санаттағы адамдарды оңалтудың жалғыз тиімді әдісі.
Кохлеарлық импланттары бар балаларды уақтылы техникалық қолдау мақсатында 2015 жылдан бастап мемлекет сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметін енгізді, 2017 жылдан бастап бұл қызмет кохлеарлық импланттары бар ересек азаматтарға да ұсынылады.
2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін кохлеарлық импланттары бар 934 адамға, оның ішінде 796-сын балаларға, жалпы сомасы 3,1 млрд.теңгеге сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметі көрсетілді.
Резервтік қор құру мақсатында 2016 жылдан бастап мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету ережелеріне сәйкес 2015 жылдан бастап пайдаланылған сөйлеу процессорлары қайтарылды.
Сөйлеу процессорлары құрылғы жоғалған, бұзылған, ұрланған жағдайда, жаңасына, ауыстырылғанға дейін немесе жөнделгенге дейін мерзімінен бұрын резервтік қордан шығарылды.
Мәселен, ағымдағы жылдың басынан бері резервтік қордан 82 қолданылған сөйлеу процессоры берілді. Жалпы, оларды 2016 жылдан бастап 2019 жылдың қазан айына дейін резервтік қордан тегін алу құқығын кохлеарлық импланттары бар 199 мүгедек пайдаланды.
Алайда, мүгедектігі бар адамдардың айтуынша, кейбір жағдайларда жоғарыда көрсетілген норманың әрекеті есту-сөйлеу оңалтуын үзуге әкеп соқты, себебі оларға резервтік қордан техникалық құралды алу үшін Алматыға баруға тура келді. Қолданыстағы норманың күшін жою есту қабілеті бойынша мүгедектерге жаңа сөйлеу процессорын алған кезде ескілерін өздерінде қалдыруға, сол арқылы оңалту процесін үзбеуге мүмкіндік береді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар