Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ білсін! - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ білсін!

Тұрмыс-салт дәстүрлері

Жеті ата. Қазақта «бір атадан тараған жеті жұрттың қамын жер» деген нақыл сөз бар. Бұлай деу жеті атаға дейін тараған ұрпақ туысқан, жақын адамдар болып саналады. Сол себепті жеті атаны білу керек. Жеті атаға толмай қыз алып, қыз беріспеген.
***
Жиен құрық. Бұл қыздан туған балаға берілетін сыйлық. Қыздан туған бала «жиен» деп аталады. Біздің халықымызда дәстүр бо-
йынша жиенге «жиен құрық» беріледі. Нағашы жұрты (анасының туыстары) «жиен құрықты» беруге қарсы болмауы керек. «Жиен құрық» үш рет жасалады. Қазақ жиенді ешуақытта өкпелетпеген, үнемі сыйлап жүрген.
***

Жолаяқ. Ұзақ жолға шығатын адам үйінде қой сойып, көршілерін, туыстарын дастарқанға шақырады. Мұны «жолаяқ» деп атайды. Келушілер оған шын көңілден тілектес екендіктерін білдіріп, бата береді.
***
Жылу жинау. Тұрмыстық қажеттіліктен туындайтын дәстүр. Табиғат апатына ұшыраған (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі), тағы басқадай бақытсыздыққа душар болған адамдарға көрсетілетін көмек – «жылу жинау» деп аталады. Бұл жерде тек туыс, жақын адамдар ғана емес, сол өңірдің басқа да тұрғындары көмек қолын созады. Мұндайда мұқтаж отбасыларына мал, үй киім, тамақ жағынан көмек көрсетіледі. Біздің елімізде «жылу жинау» мәселесіне қатты көңіл бөлінеді. Жұртшылық айрықша бір нұсқауды күтпестен-ақ «жылу жинау» ісіне ұйымшылдықпен кірісіп кетеді. Қазақтар өзгелердің қайғысын әрдайым өз қайғысындай сезінеді. Сезіне отырып, көмек қолдарын созуға асығады.
***
Көрімдік. Әдетте қалыңдығын алғаш көргені үшін күйеу «көрімдік» береді. «Көрімдік» нәрестені алғаш көрген кезде де беріледі. Негізінде бұл табыс табу жолы емес, «көрімдік» адамдардың шын қуанышын, туысқандық қарым-қатынасын білдіреді. «Байғазы» мен «көрімдік» екі түрлі нәрсе. «Көрімдік» – адамды, мал түлігін көру үшін берілсе, «байғазы» – жаңа киілген киімге, алған затқа беріледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар