Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жылжымалы мүлік кепілі қалай тіркеледі? - АРҚА АЖАРЫ

Жылжымалы мүлік кепілі қалай тіркеледі?

Алдымен жылжымалы мүлік ұғымына түсінік бере кетсек. Бұл көлік құралдарын, айналымдағы тауарларды, бағалы қағаздарды, ақшаны, мүліктік құқықтарды, оның ішінде болашақтағы өнімге және өзге де мүлікке құқықты қоса алғандағы жылжымайтын мүлікке жатпайтын мүлік.

Осы ретте, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополоиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру бо-йынша қызметтерді және квазимемлекеттік сектордың қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтерді, өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, мүліктерді оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырушы орган болып табылатынын атап өткіміз келеді.
Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу – осы істі жүзеге асыру барысында туындайтын жағдайларға қатысушылардың кепіл туралы шарттағы немесе кепіл талаптары бар өзге де шарттағы мәліметтерді кепілдік тізіліміне енгізу, арнайы куәлік беру, кепіл шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ, тіркелген кепілді тоқтату жөніндегі іс-қимыл жиынтығын есепке алу рәсімі. Ал, мүлік кепілі бойынша ақпаратқа қол жеткізудің, жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге электрондық нысанда өтініш жіберудің және тіркеуші органдардың респуб-
лика заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен түзілетін ақпараттық жүйесі жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі деп аталады. Тіркеуші органдардың қызметіне жалпы басшылықты және бақылауды арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік орган жүзеге асырады. Бұл жерде міндетті тіркеуге жататын және жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу шаралары қолданыста болатынын ескеру қажет. Міндетті тіркеуге жатпайтын заттар қатарына тауарлар, айналымдағы тауарлар, жабдықтар, құрылыс материалдары, мүліктік құқық, мұның ішінде болашақ өнімге құқық қатынастары жатады.
Өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жіберген жағдайда, мүлікті мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат қоса берілуге тиіс. Өтінішті тіркеуші органға немесе Мемлекеттік корпорацияға жолдаған кезде мәміле тараптары қол қойған кепіл туралы шарт немесе осы шартта қамтылатын өзге де құжат ұсынылмастан, хабарлама нысанында беріледі. Толтырылған өтініш бланкісі тіркеуші органға берілген жағдайда, өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне бұл мәліметтерді енгізеді және оның нәтижелері бойынша тиісті жауап қайтарылады. Тіркеу туралы ақпарат екінші деңгейдегі банк пен тіркеуші органның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді. Тіркеуші орган және Мемлекеттік корпорация (үшінші тұлғаларды қоспағанда) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастардың барлық қатысушыларына тиісті қолжетімділік болған кезде жазбаша немесе электрондық нұсқада ақпарат беруді қамтамасыз етуге міндетті. Үшінші тұлғалар жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай деректерді тізілімінен кепіл беруші немесе кепіл ұстаушы осындай сұрау салуды растаған жағдайда алуы мүмкін.
Жоғарыда аталған шаралар, яғни, жылжымалы мүлікті тіркеудегі аумақтық шектеулікті жою, «электрондық үкімет» веб-порталын пайдалану, көрсетілген қызмет барысын оңтайландырып, әкімшілік кедергілерге тосқауыл қоятыны және азаматтардың уақытын үнемдейтіні анық. Бұл мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтің сапасын арттырып, тұрғындарға елеулі қолайлылықтар жасалып жатқанын білдіреді.
Самат Бекенов,
«Азаматтарға арналған үкімет»
Мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалы
директорының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар