Мемлекеттік қызмет алу тәртібіндегі оң өзгерістер құқықтық статистика органдарымен тікелей байланысты. Онда мемлекеттік қызметтің төрт түрі көрсетілген.
Алдымен, соттылықтың болуы туралы анықтама, әкімшілік құқық бұзушылықтар мен мұрағаттық анықтама, прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы анықтама беру.
Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру бо-йынша тапсырмасын іске асыру шеңберінде Комитет мемлекеттік қызметтің үш түрін автоматтандыру және оңтайландыру жөнінде бірқатар іс-шаралар жүргізді. Әсіресе, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беруде мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылды.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы баламалы негізде, ал анықтаманы қағаз үлгісінде алу қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, қызметтерді оңтайландыру шеңберінде азаматтарға жылжымалы жүйенің абоненттік қондырғысы арқылы, яғни, mGov порталының мобильдік қосымшасы арқылы электрондық анықтама алу мүмкіндігі берілген.
Азаматтарға арналған жаңа енгізулердің бірі Мемлекеттік корпорация филиалының мекен-жайын таңдау мен шетелге шығу үшін анықтама алуға электрондық сұрау беру мүмкіндігі болып табылады. Ол жерден қазірде қағаз түрінде жауап алуға болады. Өйткені, бұрын Мемлекеттік корпорацияға бару арқылы қағаз түрінде ғана жіберу мүмкін болатын. Тағы бір айтарымыз, электрондық анықтаманы «EgovKzBot»Telegram-бот көмегімен алуға да болады. Анықтама алу үшін «Мобильді азаматтар базасына» (МАБ) тіркелу қажет. Бұл үшін eGov.kz порталында жеке кабинетке әр адам өзінің деректерін енгізу қажет.
Анықтама алу үшін Telegram мессенджерді көшіру керек, «EgovKzBot» іздеу жолына енгізу, енгізу/қайта енгізу. Әрі қарай «Қызметтер» бағанында «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» атты сервисті таңдау керек, содан кейін азаматқа растау коды көрсетілген SMS хабарлама келеді, кодты енгізгеннен кейін соттылықтың болуы немесе болмауы туралы ақпарат берілетін болады. Сондай-ақ, порталда электрондық анықтаманы ЭЦҚ қоймай-ақ «Бір реттік SMS паролі сервисінің» көмегімен де алуға болады. Оған қоса, порталда «Үшінші тұлғалармен анықтама алу сервисі» жүзеге асырылған. Енді, жұмыс берушілердің өздері онлайн қызметін қолдана отырып, «жеке кабинет» және (немесе) sms-растау арқылы сұрау жіберілетін адамға қатысты, адамдардың келісім шарты болған кезде басқа адамдарға қатысты соттылықтың болуы немесе болмауы туралы электрондық сұрау жібере алады.
Осындай қызметті алудың негізгі шарты «Мобильді азаматтар базасына» тіркеу болып табылады. МАБ-ке тіркелу үшін қызмет алушыға порталдағы «жеке кабинетте» «телефон» деген бағанда телефон нөмірін көрсету керек немесе оны ЖСН-ді Мемлекеттік корпорацияның кез-келген фронт-офисіне тіркеу қажет.
«Комитеттің және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттары шеңберінде мұрағаттық анықтамаларды немесе мұрағаттық құжат көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметі ішінара автоматтандырылған.
Қызмет алу үшін электрондық сауалдарды жіберу сервисі портал арқылы іске қосылды. Қазіргі уақытта, қызметті портал немесе Мемлекеттік корпорация арқылы тапсыруға болады. Қызметтің нәтижелерін Мемлекеттік корпорациясы арқылы ғана алуға болады. Қызмет көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күннен 10 күнтізбелік күнге дейін қысқартылған.
«Прокуратура, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі автоматтандырылмаған, ол Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз түрінде көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күні ішінде орындалады. Прокуратура органдарынан шығатын апостиль қоятын құжаттардың 99 пайызы есепке алынып, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беріледі. Қызметтердің нәтижелерін қағаз түрінде алу үшін қызмет көрсететін Мемлекеттік корпорациялар бар. Олар Комитеттің қызметін электрондық форматқа 100 пайыз көшіру мақсатында, Қазақстан Республикасы ӘМ «Е-Апостиль» сервисін іске асыру шеңберінде апостильдендіру бойынша қызметтерді электрондық форматқа толық көшіру жұмысы жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасы.