Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Зейнетақыңызды уақытында рәсімдеңіз - АРҚА АЖАРЫ

Зейнетақыңызды уақытында рәсімдеңіз

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы кезең-кезеңмен ұлғайтыла бастады. Осылайша ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес әйелдердің зейнетке шығу жасы 2027 жылға дейін 63 жасқа жеткенше жылына 6 айға ұзартылып отырады. Яғни, бұл 10 жыл уақытты қамтиды деген сөз. Дейтұрғанмен Қордан берілетін зейнетақы төлемдеріне қатысты болашақ зейнеткерлер арасында әлі де болса түсініспеушіліктер бар.

Мемлекеттік бюджеттен берілетін базалық және ортақ зейнетақы мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдері зейнет жасына толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін 59 жасқа толғанда) төленеді.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдер зейнеткерлікке 59,5 жаста шығатын болады. Зейнетақы төлемдері алушы өтініш берген күннен бастап тағайындалады. Өтінішті туған күнге 10 күн қалғанда беруге болады.
2018 жылдың қазан айына дейін зейнет жасына толған азаматтар мемлекеттік бюджеттен берілетін базалық және ортақ зейнетақыны рәсімдеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінетін. Ал зейнетақы жинақтарын алу үшін Қордың жергілікті бөлімшесіне баратын. Бұл жасы келген адамдарға ыңғайсыздық тудырып келді. Міне, осы жәйттер ескеріліп, өткен жылдың қазан айынан бастап «Бір терезе» қағидаты бойынша Композиттік қызмет іске қосылды. Мақсат – зейнетақы қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру және зейнетақы рәсімдеу шарасын жеңілдету.
Енді екі жерге барудың қажеті жоқ. Зейнет жасына толған азаматтар жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен БЖЗҚ төлемдерін рәсімдеу үшін бірыңғай өтініш пен құжаттар топтамасын бір жерге – Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырады. Бұл ретте алушы жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстыру үшін түпнұсқасын, сондай-ақ, банк шоты туралы мәлімет ұсынады. Әрі қарай жиынтық зейнетақы төлемдері бекітілген кесте бойынша ай сайын алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына бір мезгілде аударылып отырады.
Атап өту керек, егер биыл зейнеткерлік жасқа толған әйел (59 жас) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін осы жылдың 31 желтоқсанына дейін рәсімдеп үлгермей, 2020 жылдың қаңтарында келіп өтініш жасайтын болса, онда ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11-бабының 1 тармағына сәйкес ол алдағы жылы зейнетақы төлемдерін тек 59,5 жасқа толғанда ғана рәсімдей алады. Сондықтан, егер Сіз зейнеткерлік жасқа биылғы жылдың 31 желтоқсанында толатын болсаңыз, онда 10 күн қалғанда, яғни, 21-31 желтоқсан аралығында Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтініш беріп үлгеруіңіз қажет. Өйтпеген жағдайда, зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін тағы 6 ай күтуге тура келеді. Себебі, жоғарыда айтып өткеніміздей, әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы жыл сайын 6 айға ұзартылып отырады.

Әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жасқа толғанда;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жасқа толғанда;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жасқа толғанда;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жасқа толғанда;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жасқа толғанда;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жасқа толғанда;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жасқа толғанда;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жасқа толғанда;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жасқа толғанда;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі.
Салтанат БАКИРОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар