Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тоғыз жүз күндік құрсаудың ерлігі мен қасіреті - АРҚА АЖАРЫ

Тоғыз жүз күндік құрсаудың ерлігі мен қасіреті

Ленинград қаласының 900 күндік жау құрсауынан азат етілгеніне 76 жыл толуына орай, «Дос-тар» мәдениет сарайында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың қатысуымен «Блокадалық альбом» фотокөрмесі өтті.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мен Көкшетау қалалық әкімдігінің қолдауымен «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шара шымылдығын ашқан облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы бейбітшілік, азаттық үшін болған ең қанды майдандардың бірі екенін және Ленинградты қорғау үшін болған шайқастың алатын орнының ерекшелігін атап өтті. 900 күнге созылған Ленинград шайқасына 50 мыңнан астам қазақстандық жауынгер қатысты.
Қоршауда қалған қаланы қорғау нағыз батырлық пен ерліктің үлгісіне айналды.
–Жыл сайын 27 қаңтар күні Санкт-Петербург тұрғындары фашистік қоршаудан толық азат ету күнін тойлайды. Ленинград шайқасы кезінде 310, 311 атқыштар полктері құрылған еді. Бұл қырғын шайқас туралы көп айтылып, көп жазылғанымен, тарихшыларымызға әлі де зерттейтін көп дүние бар, – деді Айна Мысырәлімова. Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл болса да, майдан даласында хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлерді, олардың жерленген жерін әлі толық іздестіріп болған жоқпыз. Бұл енді қазіргі ұрпақтың еншісіндегі міндеттердің бірі, батыр бабаларымызды естен шығармай, ерліктеріне тағзым ету керек. Бұл жөнінде «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Артеменко айтты.
Фотокөрменің ашылу рәсімінде «Русская песня» ансамблі соғыс жылдары туған жүрек тебірентер әндерді орындады. Шараға жиналғандар батыр бабаларын бір минут үнсіздікпен еске алып, «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі жас-тар қанатының белсенді мүшесі Дарья Панасюра Санкт-Петербургтің мәдениеті мен тарихы жөнінде өткен халықаралық олимпиадаға қалай қатысып келгені жөнінде айтып берді. Бұрынғы Ленинград, қазіргі Санкт-Петербург қаласында Ұлы Отан соғысы кезінде «Ленинградтық өренім» атты жырымен жауынгерлердің жігерін жаныған қазақ ақыны Жамбыл Жабаевқа 1952 жылы көше атауы берілген болатын, ал 2002 жылы ақынға қоладан ескерткіш орнатылды. Осы орайда «Русская песня» ансамблінің мүшесі Р.С.Костенко ақын Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңін тебірене оқып берді.
Одан кейін шараға қатысушылар фотокөрмені тамашалады. 20 фотоколлаж енген фотокөрмеде заманауи Санкт-Петербург қаласы неміс қоршауында қалған бұрынғы Ленинградпен байланыстырылған. Айта кетейік, «Блокадалық альбом» жобасының авторы Санкт-Петербург қаласының тұрғыны, фотограф Сергей Ларенков. Отты жылдардан сыр шертетін фотокөрмені шараға қатысушылар зор ықыласпен тамашалап, көп мағлұмат алды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта көрмені қала мектептерінде қоюды жос-парлап отыр.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар