Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
- АРҚА АЖАРЫ

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың төтенше жағдай кезеңінде халыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шаралары бойынша түсініктемесі

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №17 қаулысына сәйкес төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі –кредиторлар):

–өтініш беру қажеттілігінсіз жеке тұлғаларға біржақты тәртіппен:

1) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлем мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам өткен банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша сыйақыны есептемейді.

2) банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдер мерзімінің өтуі бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді.

–қарыз алушы кредиторға электрондық пошта, «банк-клиент» онлайн-жүйесі, интернет-ресурс, мобильдік қосымша немесе басқа да байланыс құралдары арқылы жіберетін қарыз алушының жазбаша өтініші негізінде жеке тұлғаларға жеке тәртіппен:

1) қарыз алушылардың қаржылық жай-күйіне талдау жүргізеді және жұмыс орнын немесе басқа кіріс көздерін жоғалтқан, сондай-ақ өзге де қаржылық қиындықтарға ұшыраған қарыз алушыларды негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді қоса алғанда, барлық банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша (2020 жылғы 18 наурызға дейін жасалған) төлемдерді кейінге қалдыру түрінде қолдаудың қосымша талаптары туралы шешім қабылдайды.

Өтінішті қарау процесінде кредитор қажет болған кезде төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын құжаттарды сұратады.

Өтінішті қарау нәтижелерін кредитор олардың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарыз алушыға жібереді.

–қарыз алушы кредиторға электрондық пошта, «банк-клиент» онлайн-жүйесі, интернет-ресурс, мобильдік қосымша немесе басқа да байланыс құралдары арқылы жіберетін қарыз алушының жазбаша өтініші негізінде заңды тұлғаларға жеке тәртіппен:

–төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде қаржылық жай-күйі нашарлаған заңды тұлғаларға барлық банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдердің мерзімі өтуі бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді; 2

2) төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде қаржылық жай-күйі нашарлаған дара кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілерінің негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді қоса алғанда, банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша төлемдерін күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдырады;

Өтінішті қарау процесінде кредитор қажет болған кезде төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын құжаттарды сұратады.

Өтінішті қарау нәтижелерін кредитор олардың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарыз алушыға жібереді.

Кредиторлар осы Қаулыны қатаң сақтауға міндетті. Қарыз алушылар барынша қысқа мерзімде өздерінің қаржы институтына өтініш жасауы қажет екендігін еске саламын.

Сұрақтар туындаған жағдайда, ҚР Қаржы нарығы реттеу және дамыту агенттігіне қашықтан Fingramota@finreg.kz электрондық поштасы арқылы немесе www.finreg.kz. сайтында кері байланыс нысаны көмегімен өтініш жасауға болады.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің

мәліметтері бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар