Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үйден шықпай-ақ Халық банкінен шот ашу: оңайдың оңайы  - АРҚА АЖАРЫ

Үйден шықпай-ақ Халық банкінен шот ашу: оңайдың оңайы 

Банкте ұзын-сонар кезекте тұру бұрынғының еншісінде қалды. Бүгінгі күні кез-келген қазақстандық банкке келмей-ақ, Halyk Bank клиенті бола алады. Қашықтықтықтан смартфон арқылы үйде отырып-ақ, банк шотын ашуға болады. Бұл жаңа мүмкіндіктің арқасында картаны үйге жеткізу қызметі арқылы алуға, сонымен қатар, 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді де алуға болады.

Жаңа қызметпен қатар, клиентке онлайн сервистердің ауқымды түрі ұсынылады, коммуналдық, ұялы байланыс үшін төлемдер және Homebank ұсынатын көптеген қызметтер қолжетімді, әрі комиссиясыз, ең бастысы, әр төлем үшін жоғарылатылған бонус есептеледі.
– Коронавирустық инфекцияның пандемиясы банк секторына қатты әсерін тигізді. Нарық нақты басымдықтарды белгіледі. Сондықтан, бізде де қазақстандықтардың қауіпсіздігі мен жайлылығын бірінші орынға қойып, банктің қашықтықтан басқару онлайн сервистерінің белсенді дамуына жіті мән бердік. Сол себепті, қазақстандықтарға үйден шықпай-ақ банк қызметтерін онлайн қолдануды ұсындық, – деді өз сөзінде Halyk Bank басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова.
Енді сіз Halyk Bank клиенті болмасаңыз да, картаны бөлімшеге бармай-ақ, онлайн аша аласыз. Ол үшін бар болғаны Homebank қосымшасын жүктеп алып, бейне растаудан өтіп, Halyk Bank-тің барлық өнімдері мен сервистеріне қол жеткізуге болады. Енді әр қазақстандық банкке келмей-ақ, Homebank қосымшасы арқылы банк клиент бола алады.
– Жәрдемақы алу үшін маған шот пен карта ашу қажет болды. Алайда, қазіргі шектеулермен сыртқа шығуға да қорқасың… Оның үстіне кезекте тұрудың өзі де қауіпсіз емес. Сондықтан, Halyk Bank-інен шотты қашықтықтан ашуға болатыны жайлы естіген кезде көрейінші деп бел будым. Шындығын айтқанда көңілім толды. Бұл өте ыңғайлы екен. Бар болғаны Homebank қосымшасын жүктеп алдым, бейне растаудан өтіп, шоттың нөмірін алып, 42500.enbek сайтында өтінім беріп, төлемді күтіп отырғаны жайым бар. Маған банк бөлімшесіне барудың да қажеті болмай қалды, – дейді Halyk Bank клиенті Ляйля Мұсаипова.
Homebank-те бір рет шот пен картаны ашсаңыз сізге банк бөлімшесіне бармай-ақ, көптеген банк өнімдері мен сервистері қолжетімді болады. Барлығы 4000-нан астам онлайн сервистер: комиссиясыз, әрі бонустар есептелетін төлемдер, кез-келген карта мен шоттарға аударымдар, өз қаражаттарыңызды тәулік бойы бақылау және картаға бір мезетте берілетін онлайн кредит және тағы басқалары.
Өзіңізге және өз денсаулығыңызға сақ болыңыз. Онлайн тәртібінде Halyk Bank клиенті болу мүмкіндігін пайдаланыңыз және банк қызметтерін, шот немесе карта ашу, кредиттер мен төлемдерді алу, Homebank қосымшасы арқылы қызметтерді комиссиясыз өтеуді іске асыра отырып, жоғарылатылған бонустарды бөлімшеге бармай-ақ үйден алып отырыңыз.
Эрик САГИР.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар