Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы - АРҚА АЖАРЫ

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы

Короновирустық инфекция пандемиясына және оның Қазақстан экономикасына теріс ықпалына байланысты төтенше жағдай нәтижесінде зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін, жеке кәсіпкерлерді қолдауға арналған Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын әзірледі.
Аталған бағдарламаны іске асыру үшін екінші деңгейдегі банктерде негізделген салымдарды орналастыру арқылы 600 миллиард теңге бөлінді.
Бизнесті қолдау тетігі екінші деңгейдегі банктердің төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, жеке кәсіпкерлерге 12 айға дейінгі мерзіммен жылдық 8 пайыздан аспайтын мөлшерлеме бойынша айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікпен кредиттер беруі арқылы іске асырылады. Екінші деңгейдегі банктердің қаражатты игеру мерзімі 3 ай.
Жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасының операторы болып «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ айқындалды.
Бағдарламаға қатысушы банктердің бөлінген қаражатты мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алуға, басқа банктердегі депозиттерге орналастыруға, шетел валютасын сатып алуға пайдалануына және өзге мақсатқа сай пайдаланбауына тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-пен бірлесіп кәсіпкерлерге берілген жеңілдікті кредиттердің уақтылы және нысаналы пайдаланылуына ай сайынғы негізде мониторинг жүргізетін болады.
Аталған бағдарламаға қатысушы-банктер: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Jysan Bank» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Bank RBK» Банкі» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «Альфа-Банк» ЕБ» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар