Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша ай сайынғы төлемдердің 90 күнге дейін мерзімін ұзарту ұсынылды - АРҚА АЖАРЫ

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша ай сайынғы төлемдердің 90 күнге дейін мерзімін ұзарту ұсынылды

Қазақстан Ұлттық Банкі коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты халықтың қаржылық жағдайын қолдау үшін Елбасының халыққа «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасын іске асыру шеңберінде бастама жасалған «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасына, сондай-ақ «Баспана Хит» тұрғын үй бағдарламасына өзгерістер енгізді.
Бағдарламаларға толықтырулар коронавирустық инфекция пандемиясының таралуы және елде төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде зардап шеккен қарыз алушылар үшін негізгі борыш және (немесе) сыйақы төлемдері бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге дейінгі мерзімге айыппұлдар және (немесе) өсімпұлдар есептеместен мерзімін ұзартуды көздейді.
Банктер қарыз алушыларды қолдау үшін барлық шараларды қабылдауға және олардың мәселелерін жеке-жеке шешуге тиіс. Төтенше жағдай кезеңінде қиын ахуалға тап болған қарыз алушылар банктермен бірлесіп төлемдер бойынша ақы төлеудің ыңғайлы тетігін әзірлеп шығарады. Бұл ретте аталған өзгерістер кредиттік бюроға ұсынылатын қарыз алушылардың кредиттік тарихына әсер етпейді.
«Баспана Хит» бағдарламасы бойынша қарыз алушыларды қолдау шараларын іске асыру банк-
термен бірлесіп жүзеге асырылатын болады.
Тұрғын үй бағдарламаларының қарыз алушылары ай сайынғы төлемдерінің мерзімін ұзартуды елде төтенше жағдай енгізілген күн 2020 жылғы 16 наурыздан бастап ала алады.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар