Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елге құрмет сезімі тілден басталады - АРҚА АЖАРЫ

Елге құрмет сезімі тілден басталады

Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 11 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы еліміздегі бірден бір мемлекеттік тіл – қазақ тілі екендігін тайға таңба басқандай нақты айқындап берді.

Осы Заңның 4 бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі. Сонымен бірге, Үкімет, мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді, яғни, қазақ тілін барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тілін сақтау мен дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті», – деп көрсетілген.
Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер ана тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналадағы адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады.
Мемлекеттік тіл – тек қазақтың тілі емес, ол Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың ортақ тілі. Сондықтан, елімізде тұратын барша азамат мемлекеттік тілді білуі міндетті. Өкінішке орай, заңда негізделген осы тілге байланысты міндеттерін көп адамдар дұрыс түсіне қоймайды. Қазақстан деп аталатын тәуелсіз елде өмір сүре жүріп, мемлекеттік қазақ тілін білмейтін жандар Ата Заңымызда және «Тіл туралы» заңда көрсетілген мемлекеттік тілді меңгеру қажеттігін түсінуі қажет-ақ. Отанға, елге деген сүйіспеншілік, құрмет сезімі сол елдің рәміздеріне, заңдарына деген құрметтен бас-
талады десек, заң арқылы негізделген мемлекеттік тілді меңгерудің қажеттігін түсінетін кез келді деп санаймын.

Айгүл Сүлейменова,
Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының кеңсе меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар