Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық тәрбие – басты назарда - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық тәрбие – басты назарда

Тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады дегенімізбен, бала тәрбиесінде балабақшаның да атқаратын рөлі зор. Ұлттық тәрбиеден, салт-дәстүр, ауыз әдебиетінен нәр алып өскен ұрпақ қай кезде де аталар аманатына адал боларына кәміл сенеміз.

Ұлттық салт-дәстүрді, мәдениетпен өнерді насихаттау – тәрбиенің өзегі. Бүлдіршіндер көкпар, бәйге, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ секілді ойындарымыз арқылы қазақи қайнардан тәлім алса, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өседі. Рухани мұраға және ұлттық мәдениетке қызығушылықты ояту отансүйгіштік, ұлттық намыс сезімдерін қалыптастырады. Балабақшадағы ұлттық тәрбие берудің мақсаты – отансүйгіштікке, халқымыздың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін терең меңгеруге, ана тілін қадірлеуге үйрету болып табылады.
Балабақшадағы ұлттық тәрбиенің міндеті – ата-бабамыз қолданған үрдіс пен бүгінгі дағдымызды саралап, халықтық педагогиканың асыл мұралары негізінде саналы тәрбие беруді ұштастыру. Балабақша тәрбиешілері бүлдіршіндердің жас ерекшелігін ескере отырып, оларды рухани ізгі қасиеттерге баулып, ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге, халықтың салт-дәстүрлерін аялай білуге, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге үйретеді. Балаларға «Қайырымдылықты халықтан, пайымдылықты қариядан үйрен» деген халқымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі екі аралықтағы өмірінің мәні боларлық адами қасиеттер мен әдет-ғұрыпты үйретіп, алдағы өмірлерін де арқау ету біздің басты мақсатымыз.
Айгүл ИМАНБАЕВА,
№4 Еркемай балабақшасының №9 «Ақжелкен» тобының тәрбиешісі.
Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар