Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлы Жеңіс – 75 - АРҚА АЖАРЫ

Ұлы Жеңіс – 75

Әкемді айтып, мақтанамын

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске елін жаудан қорғаған майдангерлердің алдыңғы сапында болған менің әкемнің де қосқан үлесі зор деп ойлаймын. Сондықтан да, кеудемді әкем үшін мақтаныш сезімі кернейді.

Әкем Нұрмұхамбет Қасымұлы 1923 жылы 11 қарашада Зеренді ауданы Қарашілік ауылында туған. 1942 жылы майданға алынғанда небары 19 жаста болыпты. Жан алысып, жан беріскен Воронеж түбіндегі шайқаста қолынан жараланып, 1944 жылы елге оралуына тура келіпті. Жеңістің қиыншылықпен келгенін, қазіргі бейбіт күнді бағалау керек екендігін балалары, біздерге үнемі айтып отыратын.
Ол соғыстан кейін ауылдық Кеңестің агенті болып қызмет атқарды. Ол кезде ауылдық жерде сауатты адамдар жоқтың қасы еді. Ал, менің әкем көзі ашық, көкірегі ояу, сауатты адам болатын. Есепке де жүйрік еді. «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр», «Көрұғлы» секілді батырлар жырын, ғашықтық жырларды өлеңдетіп, мәнерлеп, нақышына келтіріп оқығаны әлі күнге дейін көз алдымда. Біз, балалары әкемді айнала қоршап, тыңдап отырушы едік.
Қазақта «Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін» деген сөз бар. Бүгінде ауылға бара қалғанымда немесе әкемді білетін көрші ауылдағы адамдарды кездестіре қалғанымда олар әкемнің жақсылығын айтқанда төбем көкке жетеді. Өйткені, әкем көптеген әйел адамдардың бала күтіміне байланысты алатын жәрдемақыларын алуға қол ұшын беріп көмектескен. Жоғарыда айтқанымдай, ауылда бәрі бірдей сауатты емес еді, ол кезде ауданға бару ауылдан шығып көрмеген ауыл адамдары үшін қиямет болатын. Ал, бірен-саран сауаттылары болса, үй шаруа-
сынан немесе бала-шаға, отбасы, ошақ қасынан шыға алмайтын. Міне, сол кезде әкем айналасындағы жандарға үнемі қол ұшын берді.
Анам дүниеден ерте озғандықтан, әкем алты баласын өзі қанаттандырды, оқытты, үй қылды. Соғыста алған жарақатының салдарынан бір қолында саусақтары болмаса да, жаз бойы қол шалғымен шөп шауып, қысқыға малдың шөбін дайындайтын. Саусақтары кем болғасын әкемді құрдастары «шолақ» деп атағанда намыстанып, ашуланатынмын. Қазіргі күні жан әкемнің өз қолын Отан үшін, Жеңіс үшін берген соғыс ардагері болғанын мақтанышпен айта аламын!
Қамар ҚҰРМАНОВА,
ұлағатты ұстаз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар