Өзекті мәселе

Мемлекеттік органдар халыққа ашық әрі жақын болуы тиіс

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті облысымыздағы әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындысы бойынша онлайн отырыс өткізді.

Департамент басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Дархан Хайруллин департаменттің мемлекеттік қызметшілерге моральдық-адамгершілік қасиеттерді
насихаттау, мемлекеттік тәртіпті нығайту және этикалық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында атқарып жатқан жұмыстарына кеңінен тоқталып өтті. Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанәділова облыстың жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілдері институтының есепті кезеңдегі қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы баяндап берді.
– Әдеп жөніндегі уәкілдер кеңес беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 123 мемлекеттік қызметші жеке ақыл-кеңес алды. Қолайлы моральдық-психологиялық климатты қолдау мақсатында 1,5 мыңнан астам мемлекеттік қызметші арасында сауалнама жүргізілді. Шортанды, Целиноград, Атбасар аудандарының әдеп жөніндегі уәкілдерінің жұмысына оң баға берілді, – дей келе, Айнагүл Жанәділова онлайн отырыс барысында әдеп жөніндегі уәкілдерге төтенше жағдай кезінде маңызды міндеттерді орындауға көңіл бөлу, мемлекеттік қызметшілермен де, халықпен де онлайн форматта кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертті.
Сонымен қатар, Ерейментау және Бурабай аудандарының әдеп жөніндегі уәкілдерінің баяндамалары тыңдалып, қатысушылар пікір алмасты. Әдеп жөніндегі уәкілдердің алдына бірқатар маңызды міндеттер белгіленді. Дархан Хайруллин қашықтықтан жұмыс режимі жағдайында мемлекеттік қызметшілердің қызметі штаттық режимде жүзеге асырылып, мемлекеттік органдар барынша ашық болуы тиіс екенін атап өтті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар