Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтары қорғалады - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтары қорғалады

Еңбек құқығының бұзылу оқиғалары барлық ұйымдар мен мекемелерде, оның ішінде мемлекеттік мекемелерде де кездесіп жатады. Таяуда өткен облыс әкімдігінің басқосуында мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқығын қорғау мәселесінің талқылануы осы жайды анық көрсеткендей.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесі мемлекеттік қызметшілердің еңбегін оңтайландыру мақсатында жұмыс уақытын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін жаппай енгізу жөнінде тапсырма берген еді. Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің басшысы Берген Беспалиновтың айтуынша, облысымыздағы көптеген мекемелер автоматты жүйеге әлі көшпеген. Осыған орай, ол мекемелердегі мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарының сақталуы мәселесі назардан тыс қалып отыр. Ал жұмыс уақытын есепке алудың автоматты жүйесі енгізілген мекемелерде жүргізілген талдау көрсеткендей, жыл басынан бері мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс атқару мөлшері 260 сағатты құраған. Дегенмен де, жұмыстан тыс уақытта жұмыс істеу көрсеткішінің уақыт өткен сайын ақырындап кеміп келе жатқаны байқалуда. Бұған облысымызда енгізілген төтенше жағдайдың да әсері болғанын жасыруға болмайды. Мәселен, мемлекеттік қызметшілер ақпан айында 76 сағат артық жұмыс істесе, наурызда 42 сағат, ал сәуірде бұл көрсеткіш 8 сағатқа дейін кеміген.
Жұмыс уақытынан тыс кезеңде жұмыс істегені үшін үстеме ақы төленетіні белгілі. Дегенмен де, департамент басшысы үстеме ақы төлеу арқылы жұмыстан тыс уақытта еңбек етуге мәжбүрлеудің залалдылығын айтып, департамент ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқығын қорғауды басты назарда ұстайтынын мәлімдеді.
Қ.КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар