Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біле жүргеніңіз жөн: - АРҚА АЖАРЫ

Біле жүргеніңіз жөн:

Қазіргі ағылшын тілінде – 26, грек тілінде – 24, ал, кхмер тілінде – 72 әріп бар.
Дағыстанда тұратын табасаран деген халықтың тілінде зат есімнің 37 септігі бар.
Антрополог Джульетта Андраде күні бүгінге шейін ешкімге белгісіз «ланк-патуа» деген тілдің барын ашқан. Бұл тілде Бразилияны алғашқы мекендеуші, кезінде Кариб бассейнінен келген көшкіндер, ол тілде 2500 халық сөйлеген.
Соңғы есеп бойынша, әлемде 5652 тіл және диалект бар көрінеді. Соның, шамамен бес жүзі белгілі деңгейде зерттелген. Бір мың төрт жүзі құрып бара жатқан тілдер тобына жататын көрінеді.
Филипинде 100 шамалы тіл мен диалект бары анықталған. Индияда 15 ұлт тілі және 1652 басқа да тіл мен диалект бар.
Эфиопия – тілдер мұрағаты деп аталады. 42 миллион халқы бар бұл ел 85 тілде сөйлеседі.
Ағылшындарға өз тілін үйренуге орта есеппен сегіз жыл, ал, испандарға екі-үш жылдың өзі жетеді екен.
Ең күрделі тіл қытай тілі деп есептеледі. Онда бір ғана «И» дыбысының 84 мәні бар көрінеді. Ватиканның кітапханашысы болған Джузеппе Меццофанти 114 тіл және 72 диалектіден аударма жасаған. Алпыс тілде еркін сөйлеген.
Бразилия антропологы Д.Рибиейрдің айтуына қарағанда, өткен ғасырдың өзінде сол елдің 87 тайпасы (үндіндер) құрып кеткен.
Ұлыбританияда шығатын бір газеттің қызметкері Гарольд Уильмяс 80 тіл біледі екен. Ең ғажабы грек, латын, иврит, француз және неміс тілдерін ол он бір жасында-ақ үйреніп алған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар