Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу құны мен қалай дұрыс сату жайында

2020 жылғы Маусым айынан бастап Армения Республикасынан Қазақстанға әкелінген көліктерді тіркеу басталады. Осыған орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов осы жайтқа қатысты ең негізгі сауалдарға жауап беріпті «ҚазАқпарат» тілшісіне.
«Басқару органдары сол жақта орналасқан, Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан азаматтарына тіркелген және олар Қазақстанға 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген автомобильдер тіркеуге жатады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы жылғы 20 мамырдағы№ 306 қаулысы). Қабылданған қаулы аясында (2020 жылғы 20 мамырдағы № 306), автомобильді тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды. Оған 695 теңге (0,25 АЕК)– тіркеу үшін алым, 3 773 теңге (1,25 АЕК)–техпаспорт үшін баж, 7 778 теңге (2,8 АЕК)– мемнөмір үшін баж кіреді. Басқа төлемдер көзделмеген», – деді Серік Түсіпов.
Осы орайда ол Армениядан әкелінген көліктерге неліктен сары нөмір берілетіндігіні түсіндірді. «Әкелінген автомобильдерді олардың меншік иелері Армения есебінен шығармағандықтан, Қазақстанда тіркеу кезінде оларға сары фондағы нөмірлер берілетін болады. Өйткені, олар – басқа мемлекетте тұрақты тіркеуде тұрған көлік құралдары. Бұл ретте, нөмірлер автомобильдің меншік иесінің нақты тұратын жері бойынша өңірдің кодымен («01» өңірден бастап «17» дейін) берілетін болады», – деді ол.
Сонымен қатар, ҚР ІІМ өкілі неліктен «оң жақ рульді» және қайта жабдықталған автомобильдерді тіркеуге болмайтындығын түсіндірді. «Оң жақ рульді» автомашиналарды тіркеу көзделмейді, өйткені 2009 жылдан бастап оған тыйым салынған.
Мұнан бөлек ол Арменияда берілген техпаспорт пен мемнөмірлер қайда сақталатынын, оларды қайтарып алу қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді. «Арменияда берілген техпаспорт пен мемнөмірлер автомобильді Қазақстанда тіркеген кезде Мамандандырылған ХҚКО-ларда тапсырылатын және автомобильдің меншік иесі талап еткенге дейін мұрағаттарда сақталады. Оларды қайтару автомобильді Қазақстанның тіркеу есебінен шығарған жағдайда, меншік иелерінің сұрау салуы бойынша жүзеге асырылады»,- деді ол. С.Түсіпов
Армениядан әкелінген және Қазақстанда осы жылғы 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында тіркелген автомобильді одан әрі қайта сату үшін не қажет екендігін де түсіндірді. «Тіркелген автомобильдерді пайдалану мерзімі шектелмеген. Автомобильдің меншік иесі оны пайдалану мерзімдері туралы шешімді өзі қабылдауға құқылы. Егер азамат өз автомашинасын қайта сатқысы келсе, ол: «қазақстандық» мемнөмірлер мен техпаспорттарды тапсырумен автомобильді Қазақстанның есебінен шығаруға; мамандырылған ХҚКО-да «армяндық» нөмірлері мен техпаспортты қайтып алуға тиіс.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар