Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Педагогикалық мамандықтар үшін шекті балл 70-ке көтерілді - АРҚА АЖАРЫ

Педагогикалық мамандықтар үшін шекті балл 70-ке көтерілді

Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу талаптары күшейтілді. Шекті балл педагогикалық мамандықтар үшін 70 ұпайға дейін жоғарылады.
Биыл ҰБТ тапсыруға кірер кезде талапкерлердің бет-әлпетін тану үшін электронды құжат, яғни, тұлғаны сәйкестендірудің электронды сертификаты қолданылады. Және де ҰБТ уақыты төрт сағатқа дейін ұзартылды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің мәлімдеуінше, биыл ҰБТ қағидаларына тағы бірнеше жаңашылдықтар енгізілді.
–ҰБТ-ға кіру кезінде талапкерлердің бет-әлпетін тану үшін «Face ID» атты тұлғаны сәйкестендіру тәсілі қолданылады. Жылда берілген қағаз сертификаттың орнына биыл ҰБТ-да электронды сертификат пайдаланылады және білім беру грантын тағайындау кезінде де электронды куәлік қолданылады, – деді Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында.
Сонымен қатар, SAT және IB халықаралық тестерінің ұпайын ҰБТ балына аудару шкаласы енгізілді, сондықтан, осы сертификаттары бар түлектер ҰБТ тапсырудан босатылып, білім грантын тағайындау конкурсына осы ауысқан балымен қатыса алады.
Министр шекті балл жинамағандар жыл бойы ішінде ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие болатындығын еске салды.
Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін талаптар күшейтілді. Педагог болу үшін шекті балл 70 ұпайға дейін көтерілді.
–Талапкерлерден тыйым салынған заттар табылса немесе ол бейнежазбаның сараптамасын қарау кезінде анықталатын болса, онда ҰБТ нәтижесі, сондай-ақ білім беру гранты жойылады, – деді министр.
Бұдан бөлек, тестілеуге қатысатындарға тапсыру орындарында қарапайым калькулятор ұстауға болады. Ал, тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан төрт сағатқа дейін ұзартылды. Барлық тест тапсырмасының саны – 120, максималды балл – 140.
Ақмола облысы бойынша ҰБТ тапсырушыларға 11 пункт әзірленген, оның 3-еуі Нұр-Сұлтан қаласында. 3718 мектеп бітіруші ҰБТ тапсыруға өтініш беріпті. Олардың 2124-і мемлекеттік тілде, 1590-ы орыс тілінде және 4-еуі ағылшын тілінде тапсырады. Тестілеуді талапкерлер бес пән бойынша, яғни, үш негізгі пән – Қазақстан тарихы, математика, оқу сауаттылығы және екі пәнді өздерінің таңдауы бойынша тапсырады. Тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында санитарлық талаптарды қатаң сақтау негізінде өтеді. Жұқпалы індетке байланысты аудиторияға талапкерлерді кіргізудің саны екі есе қысқарған, оған қоса, талапкерлер сынақ тапсыру кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс.
Сондай-ақ, ата-аналарға балаларын ҰБТ тапсыру уақытында сынақ тапсыру пәнінің алдында күтулеріне тыйым салынды. Ата-аналар ҰБТ жағдайын онлайн түрінде қарай алады.
Ырысалды АХМЕТҚАЛИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар