Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаржы-бақылау қызметі іске асырылды - АРҚА АЖАРЫ

Қаржы-бақылау қызметі іске асырылды

Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы сыртқы мемлекеттік аудиттің уәкілетті органы бола отырып, бюджет қаражатын пайдалану кезінде заң бұзушылық фактілерін анықтау және алдын алуды, мемлекеттік қаражат пен активтерді ұқыпты және ойластырып пайдалануды, бюджеттік-қаржылық процеске, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеппен ұсынатын қаржылық есептілікті жүргізудің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың сәйкестігіне, сондай-ақ, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне басым тәртіппен бақылау жүргізуді іске асырады.

Тексеру комиссиясы 2019 жылы және 2020 жылдың бірінші тоқсанында 26 аудиторлық іс-шара бойынша қорытынды шығарды. Оның шеңберінде облыстың 370 мемлекеттік мекемесі мен кәсіпорыны мемлекеттік аудитпен қамтылды, сөйтіп, жалпы сомасы 331 349,7 миллион теңгеге бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың заңдылығы тексерілді. Оның барысында жалпы сомасы 14 846,8 миллион теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қалпына келтірілуге жататыны 13 576,2 миллион теңге, бюджетке өтелуге жататыны 1 270,6 миллион теңге. Аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою бойынша 711 тапсырма мен 96 ұсыныс жіберілді.
Қазіргі уақытта тексеру комиссиясы аудиторларының күшімен бюджетке 764,4 миллион теңге сомасында қаражат қайтарылды, жұмыстарды, қызметтерді орындау, тауарларды жеткізу, қаржыландыру сомасын азайту, есепке алу жөніндегі құжаттарды сәйкестікке келтіру арқылы 9 312,9 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын қалпына келтіру қамтамасыз етілді. Жол берілген бұзушылықтар үшін 372 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін сақтамағаны үшін 381 әкімшілік іс қозғалды, жалпы сомасы 73,3 миллион теңгеге айыппұл салынды.
Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына мемлекеттік аудиттің 44 материалы жолданды, 27 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мемлекеттік орган қызметінің маңызды аспектілерінің бірі ретінде бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді пайдалану кезінде бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылады. Тексеру комиссиясы жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет активтерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыру, сондай-ақ, облыс орталығы мен облыс өңірлерінде қаржылық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша аудит объектілерінің бухгалтерлік қызметтерінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен 18 семинар-кеңес өткізді.
Нұрлан БЕКЕНОВ,
Ақмола облысы бойынша
тексеру комиссиясының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар