Тасөткелдің сүтіне сұраныс жоғары

Серіктестік директоры Ерлан Алинның айтуынша, кәсіпорында тәулігіне 3 тонна сүт өнімдері шығарылды. Жоба 2019 жылы қолға алынды. Оның құны 330 миллион теңгені құрады. – Қазіргі кезде, аптасына 2 тонна сүт өңдіреміз. Зауытта сары май, қаймақ, айран, ірімшік, сүзбе сияқты сүт өнімдерінің бес түрі шығарылады. Дайын өнім Державинск, Есіл қалалары мен ауданның өзге елді мекендеріндегі дүкендерде сатылады, – дейді серіктестік басшысы.
Зауытта Германиядан әкелінген қондырғылар орнатылған. Сүт қабылдау цехы, суыту камерасы, зертхана, сүтті термиялық өңдеу цехы, дайын өнімді сақтайтын қойма мен пастерленген сүт құю цехы өндірістің қаншалықты қуатты екенін аңғартады.
Сонымен қатар, зауытты шикізатпен қамтамасыз етіп отырған серіктестіктің жеке меншігінде 692 бас сауын сиырлары бар. Одан аптасына 5000 литр сүт алынады.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар