Кәсіпкерлерге кредиттер бойынша төлеу мерзімін қалай кейінге қалдыруға болады?

ҚР-ның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде «Fingramota Online» мобильдік қосымша арқылы шағын және орта бизнес (ШОБ) өкілдерінен банктік қарыздар және микрокредиттер бойынша төлеу мерзімін кейінге қалдыру мәселелері бойынша көптеген сұрақтар түседі.

ШОБ субъектісінің қаржылық жағдайын және төлем қабілетін қалпына келтіру үшін жеткілікті кезеңде банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша төлеу мерзімін кейінге қалдыру, – кредиттік ұйымдардың өздерінің қарыз алушыларына көрсететін қосымша қолдау шараларының бірі.

2020 жылғы 5 маусымда Агенттік өзінің сайтында «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың қосымша шаралары туралы» № 251 бұйрықты жариялады. Қолдаудың қосымша шараларын ұсыну тәртібі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, ШОБ субъектілерінің қаржылық жай-күйін қалпына келтіру және мерзімі өткен берешектің туындау жағдайларын болдырмау бойынша жоспарларды іске асыру мақсатында қабылданды.

Пайдаланушылардың кеңінен тараған сұрақтарына жауап береміз.

Қолдаудың қосымша шараларын алу үшін кәсіпкерлерге қайда өтініш жасауға болады?

Төтенше жағдай және (немесе) карантин кезеңінде қаржылық жағдайы нашарлаған кәсіпкерлер қолдаудың қосымша шараларын алу үшін екінші деңгейдегі банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға, оның ішінде бұрын көрсетілген ұйымдар болып табылған заңды тұлғаға өтініш жасау қажет. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, онлайн-кредиттеу компаниялары және ломбардтар жататындығын атап өтеміз.

Сонымен, ШОБ өкілдері еркін нысанда өтініш жасауы керек. Кредит ұйымынан өтінішке қандай құжаттарды қоса беру керек екенін нақтылаңыз. Бұл жерде кредит ұйымның ішкі тәртібімен көзделген құжаттар туралы айтылады. Оларды кредиттік ұйымның интернет-ресурсы, мобильдік қосымша немесе басқа байланыс құралдары арқылы «банк-клиент» онлайн-жүйесі арқылы электронды пошта бойынша өтінішпен қоса беру керек.

Карантин кезеңінде қаржылық жағдайы нашарлаған кәсіпкерлер қандай көмек күтеді?

ШОБ субъектілерінің қаржылық жағдайының нашарлауының объективті себептері болған кезде кредиттік ұйым қолдаудың екі бағытын ұсынады.

Бірінші – бұл егер кредиттік ұйым мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысатын болса не қарыздар немесе микрокредиттерді қайта құрылымдаудың ішкі тәртібіне сәйкес кәсіпкерлік субъектілерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жеңілдетілген шарттар бойынша банктік қарызды және (немесе) микрокредитті қайта қаржыландыру.

Жеңілдетілген шарттар бойынша қарыздарды қайта қаржыландыру, оның ішінде айналым қаражатын толықтыруға арналған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы, жеңілдетілген мөлшерлемелер мен кепілдемелер алу мүмкіндігін қарастыратын шағын және микро бизнесті қолдаудың жаңа мақсатты бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуы мүмкін. Мұнда ең бастысы – ШОБ субъектісі мемлекеттік бағдарламаларда белгіленген өлшемдер мен шарттарға сәйкес келуге тиіс.

Тағы бір бағыт – ШОБ субъектісінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге жеткілікті кезеңге банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну. Төлемдер мерзімін кейінге қалдыру кезеңі, егер ШОБ субъектісі өтінішінде өзге мерзім көрсетілмесе кемінде күнтізбелік 90 күнді құрайды.

Егер кәсіпкерлерге төлемдер мерзімін кейінге қалдыру мақұлданса, онда егер төлемдердің өзге кестесі қарыз шартында көзделмесе не ШОБ субъектісінің өтінішінде көрсетілмесе, төлемдердің жаңа кестесі бұрын мерзімі кейінге қалдырылған төлемдерді қарыз мерзімінің соңына дейін бөлу не қарыз мерзімі кейінге қалдыру кезеңіне ұлғайту түрінде жасалатын болады.

Қолдаудың қосымша шараларын алу туралы өтінішті қандай мерзімде беру қажет?

Кредиторлар өтініштерді қажетті құжаттармен бірге 2020 жылғы 16 маусымда қабылдай бастады және 2020 жылғы 15 қыркүйекке дейін жалғастыратын болады. Кредиттік ұйым әрбір өтінішті сұратылатын құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды.

Кредиттік ұйым қайта құрылымдауды жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесінен басқа ішкі тәртіпті қолданады, онда қарыздарды және (немесе) микрокредиттерді қайта құрылымдау тәсілдері, қарыз алушыларға қойылатын шарттар мен талаптар, қарыз алушылармен өзара іс-қимыл рәсімдері қамтылған.

Кредиттік ұйым ШОБ субъектісі жеке тәртіппен өтініш білдірген кезде оның қаржылық жағдайына, төтенше жағдайдың және (немесе) карантиннің өтініш берушінің кәсіпкерлік қызметіне ықпал етуіне бағалау және қаржылық жағдайының қалпына келу перспективасына бағалау жүргізеді. Қаржылық жағдайын бағалау деп өтініш берушінің нақты кірістеріне және ТЖ және (немесе) карантин кезеңінде өтініш берушінің кәсіпкерлік қызметі, оның ішінде өтініш берушінің тауарларына, жұмыстарына немесе қызметтеріне тұтынушылық сұраныстың төмендеуіне, тауарларды немесе қызметтерді

жеткізу тізбегінің бұзылуына, тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге ақы төлеу мерзімдерінің бұзылуына ықпал етуге талдау түсініледі.

Қалған сұрақтарыңыз бар ма? Оларды қаржы реттеушісіне «Fingramota Online» мобильді қосымшасы арқылы жіберіңіз. Қосымшаны App Store және Play Market дүкендерінде: https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211 және https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nationalbank.appeals сілтемелері бойынша тегін көшіруге болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар