Қазақ білсін!

Қазақ қыз-келіншектерінің ұлттық киімдері

Етік – ертеде иленген теріден, бертінде былғарыдан тігілген. Былғарыдан тігілген етіктің қонышы ұзын болып келеді. Былғары етік қара, сары, қызыл түсті бояулармен боялады. Қыз-келіншектер қызыл түсті былғарыдан ою-өрнектеп тігілген етік киген. Оны «сапиян етік» деп атайды. Етіктің басқа да түрі бар. Ондай аяқ киімнің табанына түрлі өрнектер салып, өзің көкшіл түске бояп қоятын. Дәл осындай етік «көк сауыр етік» деп аталатын. Бұл кезде әшекей бұйымдар да аса көп тағылатын. Ұзын қолан шаштарына көптеген тиындармен безендірілген шашбау не күміс шолпы тақса, қолдарына күмістен жасалып қымбат тастармен безендірілген білезіктер, саусақтарына тастары бар сақиналар. Соңымен қатар жалпы жас қыздарға тән әшекей – құлаққа тағатын сырға еді. Сырғаны көбінесе бойжеткен қыздар таққандықтан, олар жеңіл болатын, жасалынатын материалы алтын не күміс. Сырғамен қатар жиі тағылатын және де сырғамен бірдей материалдан жасалатын әшекей – алқа деп аталады.

Ұзатылатын қыз киімі

Ұзатылатын қыздың киімінің ең басты ерекшелігі – сәукеле. Сәукеле бас киімдерінің ішіндегі ең әдемісі әрі күрделісі болып есептелген. Қалыңдық күйеуінің еліне барғанда да сәукелесімен барған. Келіншек оны той өткенше киіп отырып, той өткен соң сәукелені іліп қойып, оның орнына бергекті желек киетін. Сәукеленің негізі оның төбесі, ол қиық конуска ұқсас болып көрінеді. Төбе не талдырма етіп қозы жүнінен арнайы басқан ақ киізден, не арасына қыл салып сырығы асыл матадан жасалады. Содан кейін төбені кестелеген, шет-шетіне құндыз жұрын ұстаған немесе алтын, күміс оқамен зерлеген тыспен тыстайды. Сәукеле төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Төбенің өн бойын алтын, күміс, меруерт, маржанмен, асыл тастармен өрнектеп, алтын жіппен әшекелейді. Сәукеленің екі жақ самай тұсынан бетке жеткізе шолпы тәрізді ендіріп бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтарды бетмоншақ немесе сәукеленің бетмоншағы деп атайды. Сәукеленің төбесінде алтынмен, күміспен әшекейленген қатырғы болады. Тізілген моншақты, асыл матадан, ақ жібектен жүргізген желекті осы қатырғыға бекітеді. Мұны бергек деп атайды. Кейде бергекке тоты құстың бірер тал қауырсынын тігінен қыстырып бекітіп қояды, оны қарқара дейді. Сәукеленің арт құлағы шашқап тәрізді белге дейін жетеді. Осы бас киімнің ең сыртынан жауып қойған шашақты әшекейлі жібек мата бар, ол көйлектің етегі құсап, жерге сүйретіліп жүреді. Кейде батырлар да осындай, сәукеле тәрізді мол әшекейлі дулыға киетін. Оның темірмен, шынжыр тормен қапталған, әсем түрлері көп. Бұларды «жыға» деп атаған.
Қыз ұзатуда киілетін көйлек жайлы айтсақ, ол басқа көйлектерден аса ерекшеленеді, себебі ұзату күнінде қыздың бұрынғыдан да, әсіресе, сымбатты және сұлу болуы керек. Киген көйлегі сәукелесі сияқты қымбат матадан тігіліп, бас киімі не түсі сай не бірдей болуы керек. Қыз ұзату көйлегі неше түрлі ою-өрнектермен, маржан және басқа да асыл тастармен безендірілген болуы керек. Бұл деген қалындықтың қаншалықты көркем екенін, сұлулығының мөлшерін көрсететін. Келесі қарастырылатын киім ол шапан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар