Көкшетау қаласында «Жақсылық вирусы» атты жалпы республикалық акция өтіп, эстафетаны Жамбыл облысынан өңіріміздің кәсіпкерлері, шығармашылық интеллигенциясы, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, еріктілер қабылдап алды.
Еске сала кетсек, марафон 21 шілдеде «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасы бойынша бас-тау алды. Акцияның мақсаты – қаржы, дәрі-дәрмек, сондай-ақ, қажетсінетін тұрғындар мен коронавирус індетімен күреске тартылған медициналық мекемелер үшін қажетті қондырғылар жинау. Ақмолалық кәсіпкерлер акцияны алғашқылардың бірі болып қолдап, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдауға қажетті қаржы жинады. Бұл ақшаға ұн, сары май және күнбағыс майы, қарақұмық, күріш, тары, вермишель, қант, шай, қаймақ, ірімшік, сыр, бұқтырылған сүт тәрізді бірінші қажетті тағамдар сатып алды. Біз кәсіпкерлеріміздің және өзге де абзал азаматтардың игі ісіне қатты қуандық. «Үлкен көмек көрсеткен және қамқорлыққа зәру адамдарды қолдаған «Азия Агрохим», «Гормолзавод», «Green Mar» серіктестіктеріне көп рахмет»,–деді Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ақылбек Смағұлов.
Марафонға кәсіпкерлермен бірге шығармашылық интеллигенция, қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен еріктілер белсенді қатысты. Жалпы күшпен жиналған азық-түлік тағамдары мекенжайларға апарып берілді.
– Шынын айту керек, қазір кәсіпкерлер мен барлық отандастарымыз үшін қиын уақыт, бірақ бұған қарамастан, бұл акцияда өз жерлестерімізді, тұтынушыларымызды қолдағымыз келеді. «Жақсылық вирусы» акциясына қатысқаныма қуаныштымын. Бұл қажетті әрі уақытылы өткізілген акция. Мұндай игілікті іс елімізде жалғасын таба берсін,–дейді «Той дастарханы» серіктестігінің басшысы Елена Мащинская.
– Өзім және әріптестерім, шығармашылық интеллигенция өкілдері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Жақсылық вирусы» акциясына қатыстық. Барлығымыз қиын уақытта тұрып жатырмыз. Біршама айдың ішінде барлық өміріміз өзгерді. Кез-келген уақытта жақсылық салтанат құратын. Ең бастысы еңсемізді түсірмейік, сыртқы жағдай мен шектеуге қарамастан, жақсылықты көруді үйренейік,–деді Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының актеры Қайрат Мырзаболатов.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі. Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.