Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бурабайдағы ашық аспан астындағы «Ботай» музейі - АРҚА АЖАРЫ

Бурабайдағы ашық аспан астындағы «Ботай» музейі

Ботай – археолог ғалымдардың пайымдауынша бұрынғы Көкшетау, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айыртау ауданының өңірінде сонау энео­лит дәуірінде Қазақстанның сол­­түстігін мекендеген тайпалар мәдениетінен тылсым сыр шер­тетін көне қоныс – талай құпияны қойнына тығып жатқан ежелгі мекен.

Жалпы аумағы 15 гек­тар жерді алып жатқан ежел­гі адамдар қонысынан 150-ден ас­там үйдің орны табылған. Ға­лым­дар ежелгі тұрғынжайларды қа­зып, қайта тұрғызуға мүмкіндік алған. Ежелгі тұрғынжайлардың қабырғасының ені бір метр шамасында, ал, биіктігі 70-90 сантиметр мөлшерінде. Қабырға периметрлері бо-
йынша бөренеден өрілген, түтін шыға­тын шаңырақ пішіндес тесік жасал­ған. Кәдімгі қазақтың киіз үйлері кейпінде. Осы жерден ежелгі адамдардың құрал-жабдықтары, ыдыс-аяқтары, кәдімгі тастан жасалған жебе, садақ, қанжар, пышақ тәрізді аңшылық қарулары табылған.
Бурабай баурайындағы Бо­тай қоны­сының бар көне бей­несін баяндайтын мұра­жай жеті тұр­ғынжайдан тұрады. Ежелгі адам­­дар қонысында әулеттің ота­ғасы жай­ғасатын салтанатты жай, ас үйі, қымыз баптайтын, құрал-жабдықтар мен қару-жарақ­тарын қоятын қойма іспеттес бөлмесі болған екен. Мұның барлығы қиял-ғажайып дүниелер емес, ғалым­дардың нақты болжамдары бойынша дәлелденген жайлар. Жерді орлап қазып, оқтай түзу бөренеден өріп, іші-сыр­тын майлы балшықпен сылап көтерген тұрғын­жайлар жазда кәдімгідей қоңыр салқын, қыста құрқылтайдың ұясындай жып-жылы болса керек. Ал, кейбір бөлмелердің шаңырағына дейін көтеріліп, бекітілген ағаш бас­қыштар сайын Сарыарқаның атан түйені алып жығатын ақ түтек боранында тұрғынжайдың кірер есігін қар басып қалса, сырт­қа шығуға мүмкіндік беретін қосалқы жолы. Әр бөлмеде Айыр­таудағы ежелгі қоныстан табыл­ған жәдігерлер хатталған. Сол қымбат жәдігерлерге қарап, осыдан алты мың жыл бұрын Ұлы Даланың ұландары қандай затты тұтынғанын аңғаруға болады.
Ғалымдар ұзақ уақыт сараптай келе, Ботай қонысы Еуразия даласындағы мал шаруашылығының орталығы болған деген тұжырымға келген. Келіп-кетіп жатар қонақтар Бурабай бау­­ра­йына көшірілген Ботай мәде­ниетінің жауһар жәдігерлерін, көне мекеннің көмескі тартып барып қайта жаңғырған сұлбасын аралап көріп, таң-тамаша қалды. Жеті бөлмелі қоныс­тың бір бөлмесі діни дәстүр мекенжайы екен. Сол жерден табылған адам­ның бас сүйегінің ДНК-сы қазіргі Қос­та­най өңірін мекендеген жергілікті жұрт­қа сәйкес келетін көрінеді. Бұл – бұлтарт­пайтын ғылыми болжам. Қысы-жазы келушілерден бір арылмайтын Бурабайдың баурайындағы ежелгі адамдар мекені жалпақ жұрттың рухани жан дүниесіне өз үлесін қосып, өткеннің тарихын ұғындырып тұратын болады.

Суреттерді түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар