Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Індеттің «екінші толқыны» болуы мүмкін - АРҚА АЖАРЫ

Індеттің «екінші толқыны» болуы мүмкін

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әлеуметтік желілерде қазақстандық пайдаланушылардың COVID-19 вирусының «екінші толқынының» болу ықтималдығы туралы мәлімдемесіне түсінік беріп, инфекцияның қайта өршуі мүмкін екенін растады.

Оның айтуынша, еліміздің Ішкі істер министрлігінде арнайы жұмыс тобы құрылған. Оған отандық және халықаралық сарапшылар, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары кірді. Оларәртүрліықтималболжамдарды, сценарийлер мен орыналуы мүмкін оқиғаларды пысықтайды.
– Мұнда ең бастысы, математикалық есептеулер мен модельдер емес, көрсеткіштер жоғары болуы мүмкін. Ұзақ мерзімге болжам жасаған сайын, қателесу мүмкіндігі жоғары болады. Сондықтан, қысқа мерзімді кезеңге жасалған болжам нақтырақ болады, – деді Бағдат Қожахметов.
Сонымен қатар, аталмыш министрліктің ресми өкілі мемлекеттік органдардың барлығы COVID-19 вирусының жаппай таралуына жол бермеу шараларын әзірлеу кезінде әрқашан ең пессимистік болжамдарды негізге алатындарын еске салды.Бағдат Қожахметов пессимистік болжамдар біреуді қорқыту үшін емес, қиын жағдайға дайын болу үшін жасалатынын есте сақтау аса маңызды екенін айтты. Оның ойынша, тек осындай кезде ғана барлық мүмкін сценарийлерді қарастыруға болады.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар