Мемлекеттік комиссияның ағымдағы жылдың 17 тамызынан бастап карантин режимін жеңілдету туралы шешімін қуанышпен қабылдадым.
Екі аптаға созылған карантин режимі Үкіметке, медициналық ұйымдарға Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын төмендету бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік берді. Бүгінде еліміздегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталды деуге болады. Денсаулық сақтау жүйесі, соның ішінде санитарлық эпидемиологиялық қызмет биліктің жіті бақылауына алынды. Қиын кезең артта қалды.
Енді біз тәртіпті және жеке басты қорғау шараларын қатаң сақтауымыз керек. Маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты ұстау күнделікті өміріміздің басты қағидасына айналуы қажет. Сонда біз пандемияны толық жеңе аламыз. Сіздерге зор денсаулық тілей отырып, өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар дегім келеді.
Геннадий ОСИНЕНКО,
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,
облыстық мәслихаттың депутаты.