Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бизнестік қатынастарды тиімді реттеу құралы - АРҚА АЖАРЫ

Бизнестік қатынастарды тиімді реттеу құралы

Экономикалық дамуға серпін беретін мемлекеттік сатып алу жүйесі мемлекеттің аталған саланың қуатты тетіктері арқылы бизнестік қатынастарды тиімді реттеу мақсатында құрылған. Бұл тәсіл мемлекеттік сұранысты қамтамасыз етудің ықпалды құралы ғана емес, тапсырыс алушылардың мүддесін үйлестіруге де ықпал етеді.

Сондықтан, мұны пайдалану барысындағы жауапкершілік пен біліктілік үстемелене түсетіні белгілі. Бұған оң мысал ретінде, облыс бойынша өткен жылы 2744 салық төлеуші мемлекеттік тапсырыс бо-йынша 114 миллиард 738 миллион теңгенің өнімін жеткізуге міндеттенгенін айтуға болады.
Белсенділік бар. Алайда, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің деректері тапсырыс берушілердің үлкен бөлігі мемлекеттік тапсырыстарды орындау барысында салық түсіміне қатысты заңдық талаптарды бұзушылыққа жол беретінін көрсетеді. Мысалы, биылғы алғашқы жартыжылдықта аталған сала ауқымында 319 салық төлеушіге 9 миллиард 920 миллион теңгенің міндетті аударымын бұзғандығы жөнінде арнайы ескертпе жолданған. Мұны қайта жүйелеу арқылы 207 миллион теңге қосымша есептеліп, осының нәтижесінде мемлекет бюджетіне 182,4 миллион теңге қаржы түсті.
Сондай-ақ, төменгі салық жүктемесі коэффициентіндегі (бұлар 3 пайыздан төмен) салық төлеушілер айрықша бақылауға алынып отыр. Бүгінгі күні құрылыс саласындағы қаржылық тұрақтылықты және конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін алғышарттарды қамтамасыз ететін ережелердің қолданысқа енгізілуі нәтижесінде салық төлеушілер кіріс көлемін дербес белгілеп, тиісті салық аударымын жасауға мүдделі болып отыр. Мұндай механизм қосымша түсімдер ауқымын кеңейтумен бірге, мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл ретте, 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап барлық жұмыстар мен тауарларға қатысты қаржылық тұрақтылық орныққанын атап өтуге болады.
Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі тағы бір ықпалды тәсілдің бірі қазынашылық сүйемелдеу екендігі белгілі. Бұл салық төлеудің бастапқы кезеңінде-ақ, салық заңдылығын бұзушылыққа жол бермеу мақсатындағы камералдық бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, аталған жүйе арқылы, мердігерлердің шығындарына мониторинг жасау салық жүктемесінің коэффициентін 2,5 есе арттырып отыр.
Мемлекеттік кіріс департаменті салықтан жалтару, орындалмаған жұмыс пен қызметке жалған есеп-фактура (тауарларды жеткізу) толтыру фактісі анықталған жағдайда аталған мәмілелерді заңсыз деп тану туралы талап арыз рәсімдейді.
Салық органдары қазіргі уақытта, 2019-2020 жылдарға мемлекеттік сатып алуға қатысушы салық төлеушілердің қызметіне мониторинг жүргізуде. Осыған байланысты, Ақмола облыстық мемлекеттік кіріс департаменті жаңа жүйе талаптарының қатаң сақталуын және салықтан жалтару, сондай-ақ, жалған есеп-фактураларын дайындауға қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қозғалатынын ескертеді.

Бақберген Амалбек,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар