2020 жылғы 17 тамызда Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Күн тәртібіне негізгі мәселе – бюджет қаражатын қайта бөлу және оны денсаулық сақтауға бағыттау мәселесі шығарылды.
Депутаттар облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының Көкшетау қаласында тез салынатын жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысына, медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар сатып алуға қайта бөлінген қаражатты бағыттау ұсынысын бірауыздан қолдады. Бұл орайда, жалғыз мақсат – коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу.
Сондай-ақ, облыс орталығы Көкшетау қаласы үшін жаңа автобустар сатып алу, әлеуметтік маңызы бар бағыттарға субсидия-лар төлеуді қамтамасыз ету, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Көкшетау және Щучинск қалаларында көшелердің жарығын жаңғырту және пайдалану мәселелері мақұлданды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.