Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атбасар өңірі тарихи-мәдени мұраға бай - АРҚА АЖАРЫ

Атбасар өңірі тарихи-мәдени мұраға бай

Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының жанындағы Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы ағымдағы жылғы тамыз айының 3-17 күндері аралығында, жаңа археологиялық нысандарды анықтау мақсатында Атбасар ауданының солтүстік, солтүстік-шығыс және оңтүстік бөліктеріне барлау жұмыстарын жүргізді.

Барлау жұмыстарының нәтижесінде аталмыш аймақта қола, ерте темір және жаңа заман дәуірінде адамдардың қоныстанғандығын білдіретін 22 жаңа тарихи-мәдени мұра нысандары анықталды.
Атбасар ауданының қолайлы табиғи ланшафты бұл аймаққа ежелгі адамдардың тас ғасырынан-ақ қоныстануына себеп болған. Аудан аумағын Көкшетау биіктігінің оңтүстік бөлігі, Атбасар жазығы, Теңіз жазығының солтүстік бөлігі алып жатыр. Аумақта суы тұщы 12 көл бар, сондай-ақ, Есіл, Жабай, Жыланды, Терісаққан, Қайрақты және Шортанбай өзендері ағып өтеді.
Археологиялық нысандардың көбі ауданның оңтүстік-батыс бөлігінде, Шойынқарасу және Шортанбай өзендерінің жағалауынан алыс емес биіктіктерден анықталды. Оңтүстік-шығыс аумағының көп бөлігі тың игеру кезінде жыртылып, егін егілген, соның нәтижесінде археологиялық ескерткіштердің кейбіреуі жойылған. Бұған егіс алқабының бойында, шетке шығарылып тасталған орташа көлемдегі тастар айғақ болады. Бұл тас-тар сол маңдағы қорған құрылысында пайдаланған тастарға ұқсас келеді.
Археологиялық зерттеу жүргізудегі басты мақсат анықталған ескерткіштерді толық құжаттандыру болып табылады. Ғылыми-зерттеулер археология әдісіне сәйкес, яғни, іздеу, топографиялық зерттеу, аспапқа түсіру, жергілікті геодезиялық координаттарын анықтау, картография, фотоға түсіру, графикалық жоспарын және сұлбасын дайындау, ескерткіштердің толық сипаттамасын жасап, алдын ала есепке енгізу бойынша жүргізілді.
Барлау жұмыстарының қорытындысы жаңа ашылған ескерткіштер жайында толық мәлімет енгізілген жаңа археологиялық нысандардың төлқұжаттарын жасауға жолданатын болады.
Рауан ЕРЖАНОВ,
Ақмола облыстық мәдениет,
архивтер мен құжаттамалар басқармасының жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар