Құқық қорғау органдарына белсенді көмек көрсететін азаматтар ақшалай сыйлықтармен марапатталады, биылғы жылы ақмолалықтарға осылай 2 миллион 600 мың теңгеден астам қаржы төленді.
Тұрғындар тарапынан тәртіп сақшыларына көмек көрсету полиция қызметкерлері үшін үлкен маңызға ие. Облыс тұрғындары профилактикалық акцияларға белсенді қатысады, патрульдік полиция нарядтарымен бірге, қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асырады және қылмыстарды ашуға көмектеседі.
–Өңірдегі полицияның қоғамдық көмекшілерінің қозғалысы қарқын алуда, бүгінде олардың саны бір мыңнан асады. Бұл азаматтық ұстанымы белсенді, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға көмектесетін адамдар. Сонымен қатар, бүгін біз бірлескен жұмыс принциптерін қайта қарап жатырмыз, осы іске азаматтарды көптеп тартуға тырысамыз, – дейді полицейлер.
Бүгінгі таңда Ақмола облысының полиция департаментінде 1100-ден астам адамды біріктіретін 243 қоғамдық құрылым жұмыс істейді. Жасөспірімдер мен жастар арасында аймақтың орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері қатарынан 24 жедел жастар жасағы белсенді жұмыс істейді. Соңғысы, болашақта өз өмірлерін полиция қызметімен жиі байланыстырады, сондықтан, олар саналы түрде іске кірісіп, теориялық білімдерін практикада қолдана отырып нығайтады. Соңғы жылдары полицейлер аймақтағы консьерж институтын қайта жандандыруда. «Подъездегі үлкендердің» көмегі пәтер ұрлығының алдын алу, қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізу кезінде баға жетпес көмек. ПИК төрағаларымен байланыс орнатылды, тәртіп сақшылары көп қабатты үйлердің кіреберістері мен аулаларына бейнекамералар орнату бастамасымен шығады және көбінесе бұл бастамалар белсенді қолдау табады.
Бұдан басқа, құқық тәртібін сақтауға көмек көрсету үшін полицияның әрбір учаскелік пунктінде ішкі істер органдарының ардагерлері қатарынан Қоғамдық кеңестер құрылды. Олар учаскелік полиция инс-пекторларына аулаларды аралау, қылмыс жасауға бейім адамдарды анықтау, сондай-ақ, халықпен алдын алу жұмыстарын жүргізу кезінде көмек көрсетеді.
Өңірдегі ауыл тұрғындарының нақты мәселесі – мал ұрлығы. Оның бірнеше себептері бар: бұл бақылаусыз мал жаю, мал басының жоғалғаны анықталған кезде полицияға уақтылы жүгінбеу, малды таңбалаудың және сырғалаудың жүргізілмеуі. Бұл қылмыстарды ашуда құрамында 500-ден астам адам бар «Сақшы» отрядтары тәртіп сақшыларына көмек көрсетеді.
Күн сайын полициямен бірге, қоғамдық тәртіпті сақтауға 1600-ден астам адам атсалысады, олар өңірдің түрлі кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлері. Халық жасақтары мен жастар жасақтары ағымдағы жылы 1200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтың анықталуына ықпал етті, сонымен қатар, азаматтар 180-ден астам қылмысты ашуға көмек көрсетті және 157 құқық бұзушыны ұстады.
Департамент бастығының бұйрығымен құқық қорғау органдарына белсенді көмек көрсететін азаматтар ақшалай сыйлықтармен марапатталады, биылғы жылы ақмолалықтарға осылай 2 миллион 600 мың теңгеден астам қаржы төленді. Ақмолалық тәртіп сақшылары халыққа көрсеткен көмегі, белсенді өмірлік ұстанымы үшін алғыс білдіреді.
Әсем ӘБДІРАХМАНОВА.