Көкшетауда халықтың жұмыспен қамтылуы өзекті мәселелердің қатарында тұр. Кешегі күндері жұрттың қолынан жарнамалық газеттер түспейтін. Кейбіреулердің жұлдызы жанып, нәпақа тауып жатқан шығар. Бірақ, қолың іліккен жерде тұрақтанып қаласың деп ешкім кепілдік бере алмайтын. Қазір жағдай түбегейлі өзгерді десек болады.
Тоқырауға тосқауыл қоя білген мемлекеттің кең тармақты саясатының жемісі қоғамдық өміріміздің құнды көріністеріне айналды. Бұрынғы қабырғасына дейін құлатылған жеміс-жидек базасының орнында нөлдік циклмен бой көтерген «Көкшетау минералды сулары» ЖШС-інде бүгінгі күні жарты мыңнан астам адам жұмыс істейді. Оның қатарына жаңа тұрпатты «КамАЗ-Инжи-ниринг», «Тыныс» акционерлік қоғамдары мен құлаш жайған құрылыс индустриясы кәсіпорындарын қосуға болады.Тоқырауға тосқауыл қоя білген мемлекеттің кең тармақты саясатының жемісі қоғамдық өміріміздің құнды көріністеріне айналды. Бұрынғы қабырғасына дейін құлатылған жеміс-жидек базасының орнында нөлдік циклмен бой көтерген «Көкшетау минералды сулары» ЖШС-інде бүгінгі күні жарты мыңнан астам адам жұмыс істейді. Оның қатарына жаңа тұрпатты «КамАЗ-Инжи-ниринг», «Тыныс» акционерлік қоғамдары мен құлаш жайған құрылыс индустриясы кәсіпорындарын қосуға болады.Жуырда «ГК Новопэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Рүстем Усмановпен сөйлестім. Қазір 800 адам жұмыс істейтін кәсіпорын мұны шекті көрсеткіш санап отырған жоқ. Өйткені, «Қазақстан 2050» Стратегиясын, еліміздің 2025 жылдарға арналған даму жоспарын, «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» және Президенттің «Жаңа Серпін» бағдарламаларын жүзеге асыруға белсене қатысып отырған кәсіпорын өндіріс ауқымын кеңітуге басымдық беретіні жақсы ойларға бастайды. Мұндай сенімділік нарықтың талабын зерттеп, халықтың қамын ойлаудан туындайды.–Қазақстан Республикасының Конституциясы «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі» деген сөздермен бас-талады. Біздің басты ұстанымымыз, мақсат-мүддеміз де осы. Ел игілігін өз қолдарымен жасайтын еңбек адамы мемлекетті де қуаттандырады. Бұған жағдай жасай білу керек. Мен ұжым мүшелерінің кәсіпорынға тек жалақы үшін ғана емес, ертеңгі күнге жарқын жүзбен қадам басуы үшін келуін қалаймын, – дейді Рүстем бауырымыз.Мұндай көңіл ауанында берекелі еңбек алда тұрады. Жаңа тұрпаттағы кәсіпорынның іргесі қаланған сонау 2003 жылдан бергі серпінді қадамдары көз алдымызда. Көкшетауда бұрын болмаған полиэтилен қаптарын шығарудың тиімді бағдарламасын қолға алған ұжым араға екі жыл салып, «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық байқауының жеңімпазы атанды. Ал, 2008 жылы халықаралық көрменің Құрмет грамотасымен марапатталды. Компания 2009 жылы толық өндірістік қуатына еніп, 5 және 100 килограмм сыйымдылықтағы жоғары сапалы 10 миллион полипропилен қаптарын, Қазақстанда бірінші болып 300-ден 2500 килограмдық әртүрлі мақсаттағы «Биг-бег» жұмсақ контейнерлерін шығарды. Осы жылы өндіріс әлемде баламасы жоқ «AD*STAR» жаңа технологиялық желісін іске қосты. Тағы бір жаңалық, өндіріс қалдықтарын өңдейтін учаскенің іске қосылуы дер едік. Оның қуаттылығы сағатына 400 кило пластмасса ыдыстар мен салофан қапшықтарын кәдеге жаратуға лайықталған. Мұның өндірістік артықшы-лықтарын есептемегенде, қаламыздың тазартылып қалуындағы үлесін айтудың өзі ғанибет.Еуроодақ көлеміндегі ірі өндірістік кешен инвестициялық саясатын сапалық талаптарға бағыттай отырып, Австрия, Италия, Түркия, Индия және Тайваньның озық технологиясын пайдаланады. Қазіргі күні компанияның халықаралық деңгейде сертификатталған өнімдері елімізден тысқары жерлерге де, атап айтсақ, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан республикаларына экспортталады. Жылдар жылнамасын осылайша жалғастыра беруге болады.«Новопэк» – әлеуметтік бағдарланған кәсіпорын. Зауыттағы жұмысшылардың орташа айлық еңбекақысы 130 мың теңгені құрайды. Алайда, жалақы атқарған жұмыс көлеміне қарай төленетіндіктен, өндіріс озаттарының 160-170 мың теңгеден табатынын білдік. Ең басты артықшылық – өндірістік желінің тоқтаусыз қимылында. Тіпті, коронавирус індеті қабырғаға батқан тұстың өзінде алып «биг-бег» қанарларын дайындайтын қосымша цех ашылған. – Біздің цехта 35 адам жұмыс істейді. Күніне жоспардан артық, яғни, 2000-3000 дана өнім шығарудамыз. Жанымызда үш сынақ мерзіміндегі оқушы бар. Бұл мерзімде кәсіпорынның шәкіртақысы беріледі. Оларға Ғалия Ерғалиева мен Аякөз Әшірбекова ұстаздық етуде. Ұжым соңғы ай қорытындысы бойынша «Үздік цех» атанып, ақшалай сыйақы алды. Біз осында жұмыс істейтінімізді мақтан етеміз, – дейді учаске мастері Нина Смолина.Пішу цехын Көкшетау мемлекеттік университетінің түлегі Аслан Тоқышев басқарады екен. Жас маманның ұсынысымен еңбек күнінің тиімді кестесі бекітіліпті. Қазір мұндағы 20 кісі екі күн жұмыс істеп, екі күн дем алады. Басшылық мұның еңбек өнімділігін арттыруға екпін қосқанын айтады.Бізді шаруашылық жұмыстарымен таныстырған менеджер Қуаныш Мұхамеджанова ұжымның 50 пайызы әйелдер, 70 пайызы жастар екендігін тілге тиек етті. Мұнда асхана, медициналық пункт жұмыс істейді, қонақ үй түріндегі 300 орындық жатақхананың бірінші кезегі пайдалануға берілген. Мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік аясында еліміздің өзге өңірлерінен 117 азамат жұмысқа тартылыпты. Қалаға жақын маңайдағы Кенесары, Молодежный, Алексеевка селоларынан келгендер сұранысы бойынша жатақханаға орналастырылған. Кәсіпорынның барлық жұмысшылары кәсіпорынның автобусымен тасымалданады. Мұнда коронавирусқа қарсы қорғаныштық шаралары қатаң сақталады. Құрбан айт күні көп балалы отбасыларына тәбәрік еті таратылса, қазіргі сәтте мектеп есігін ашатын балаларға оқу жабдықтары дайындалып жатыр екен. Еңбек адамын еңселендірер шаралар дәстүрі жалғасын таба беретініне сендік. Бақберген Амалбек,«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерде: кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік ғимараттары; ұжым мүшелері жұмыс үстінде. Суреттерді түсірген Советбек Мағзұмов.